Утебаева Динара Сахибқызы

Утебаева Динара Сахибқызы

Аға оқытушы, PhD 

Email: 28_dinar@mail.ru

Teлефон: 8(727)292-57-17 (ішкі 2125)

Адрес:  Философия және саясаттану факультеті

             Дінтану және мәдениеттану кафедрасы  

             Масаншы 39/47, УК 4, кабинет: 403

 

БИОГРАФИЯ

2004 жылы философия мамандығы бойынша әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бакалавриатын үздік аяқтады. 2012 жылы аталмыш университетті дінтану мамандығы бойынша тәмамдады. Утебаева Динараның зерттеу саласы христиандықтағы миссионерліктің даму тарихы, исламның таралуы мен Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың миссионерлік қызмет ерекшеліктерін зерттеумен байланысты.

2004-2008 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Техника-экономикалық колледжде философия, мәдениеттану пәндерінің оқытушысы ретінде қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап әл Фараби ат. ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениетану кафедрасында жоғары білімді маман лауазымына қызметке алынды. 2013 жылдан бері ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениетану кафедрасының аға оқытушысы ретінде қызмет етеді.

2014-2017 жж. арналған ҚР БҒМ ҒК қаржыландыруымен жүргізілген «Қазақстан Республикасындағы миссионерлік қызмет ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасына қатысты.

Мидлсакс университетінде (Лондон, Ұлыбритания) және Н. Ербакан университетінде (Кония, Түркия) ғылыми-зерттеу тағылымдасынан өткен.

2018 жылы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстандағы миссионерлік: тарихы және қазіргі заман (дінтанулық талдау)» тақырыбында жазылған диссертациясын сәтті қорғады.

ЖАК журналдарында, халықаралық алыс және жақын шетелдік конференция материалдарында, сондай-ақ, «European Journal of Science and Theology» атты Скопус (Scopus) базасының журналында 25-тен астам мақалалары жарияланған. 2018 жылы «Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын жүргізудегі миссионерлік қызметі» тақырыбында жазылған ұжымдық монографияның авторы.

Қазақ, орыс тілдерінде сабақ береді.

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ

  • Заманауи Қазақстандағы діни жағдай
  • Миссионерлік, миссия, дағуат, рухани экспасия
  • Дінтанулық білім беру
  • Дін және дәстүр
  • Дін және жастар
 

ТАҢДАМАЛЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

  • Дінтану пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар, «Заманауи үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі түлектің құзыреттік үлгісі» // Ғылыми-әдістемелік конференция материалдары, 2013
  • Мәдениетаралық үнқатысудағы әл-Фараби мұрасының орны, ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы №1 (1), 2015
  • Адамзат тарихындағы миссионерліктің қалыптасу ерекшеліктері, ҚазҰУ Хабаршысы, Философия, Мәдениеттану, Саясаттану сериясы №1(50), 2015
  • Христиандықтағы миссионерлік қызмет ерекшеліктері, Адам әлемі, 2017
  • The features of the spread of Islam, «Ғылым және өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Шефилд (Ұлыбритания), 2017
  • Features of Missionary Activities in Kazakhstan Social Research Results, Ғылыми журнал «European Journal of Science and Theology», Румыния, 2017
 

ОҚЫТУ

Бакалавриат

  • Дін психологиясы
  • Миссионерлік әдістері
  • Мамандыққа кіріспе
  • Шет елдердегі дін туралы заңнама
  • Ислам философиясы
  • Қазіргі христиандық ағымдар мен бағыттар