«Applied and Computational Mathematics» білім беру бағдарламасын дамыту бойынша семинар

Механика-математика факультетінің, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін ағылшын тілінде «Қолданбалы және есептеу математикасы» («Applied and Computational Mathematics») білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша семинар ұйымдастырылды. Бұл бағдарламаны дамыту үшін Аахен университетінің (RWTH, Германия) докторы Matthias Meinke, Делавэр штатының университетің (Delaware University, АҚШ) докторы Dr.-Ing. Lian-Ping Wang, Киль университетінің (Keele University, Ұлыбритания) докторы Kaplunov U.D., Савойя университетінің (University of Savoy Mont Blanc, Франция) докторы D. Dutyh, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің есептеу математикасы және математикалық геофизика институтынан (ЕМмМГИ СБ РҒА, Новосибирск) ф.м.ғ.д., профессор Кабанихин С.И., Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінен ф.м.ғ.д., профессор Черный С.Г., Мәскеу физика және техникалық институтынан ф.м.ғ.д. Гасников А.В. 

Механика-математика факультеті математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасы ұйымдастырған «Қолданбалы және есептеу математикасы» («Applied and Computational Mathematics») ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша семинарға қатысушылардың жұмысы.

Басылым күні :  28.11.2017