МКМ кафедрасының оқытушылары Жакебаев Д.Б., Шакенов К.К, Маусумбекова С.Д., Каруна О.Л. онлайн коммуникативтік алаңы «G-Global» негізінде бейнеконференцияға қатысты

30 қарашада МКМ кафедрасының оқытушылары Жакебаев Д.Б., Шакенов К.К, Маусумбекова С.Д., Каруна О.Л. Евразиялық Ұлттық Университетінің МКМ кафедрасының «Вопросы улучшения качества подготовки специальности Математическое и компьютерное моделирование» тақырыбымен ұйымдастырылған, онлайн коммуникативтік алаңы «G-Global» негізінде бейнеконференцияға қатысты, бейнеконференцияда «Математикалық және компьютерлік пішіндеу» мамандығын даярлау сапасын арттыру мәселесін және мамандық түлектерінің білім өзектілігі талқыланды. Күн тәртібінде келесі мәселелер болды: бакалавриат және магистратура мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын сыни талдау; Мемлекеттік білім беру стандартының типтік оқу жоспары бойынша 1 курс мамандығының арнайы пәндер санының төмен болу проблемасы; жұмыс берушілер мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мамандық түлектерін жұмыспен қамту мәселесі; жұмыс берушілермен келісімдер жасасу, жұмыс берушілермен келісімдер, оқытуға арналған гранттар мен стипендиялар бөлу бойынша әлеуметтік серіктестер, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Басылым күні :  03.12.2015