«Еліміздің инновациялық дамуы негізінде білім, ғылым және бизнесі интеграциялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

14.04.2015

Көрулер: 4471

Ақпараттық хат

2015 жылдың 29 мамырында Алматы қаласында ҚР БҒМ, ҚР ИДМ, ҚР ҰЭМ, ҚР ДСӘДМ, ҚР ҰКП біріге отырып әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті негізінде «Еліміздің инновациялық дамуы негізінде білім, ғылым және бизнесі интеграциялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияға ЖОО, кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың, маслихаттың және ҚР Парламентінің өкілдері, халықаралық аккредитациялау орталықтары, рейтингтік агенствалар мен компаниялардың өкілдері қатысады.

Конференция аясында ҚР білім, ғылым және бизнестің интеграциялау механизімін қарқынды түрде жүргізу мәселелері, ҮИИДМБ-2 жүзеге асыруына жоғарғы оқу орындарының қатысуы, білім беру бағарламалары мен сертификаттау орталықтарын халықаралық аккредитациядан өткізу және мамандардың біліктілігін арттыру және түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

Конференция секциялары:

  • Білім, ғылым және бизнесі интеграциялаудың нормативті-құқықтық механизімі
  • Мамандардың құзреттілігін арттыру негізінде университет пен бизнестің әріптестігі және түлектерді жұмыспен қамту
  • Ғылымды қажетсінетін ел экономикасын құру үшін білім, ғылым және бизнесі араластыру
  • Түлектерге арналған «Бос орындар көрмесі»

Негізгі спикерлер:халықарақ аккредитациялау және рейтингілеу агенттіктерінің өкілдері, жоғарғы білім беру және ғылым аясындағы эксперттер, ҚР кәсіпорныдарының жетекшілері.

Конференцияның өтетін орын мен уақыты

29 мамыр 2015 жыл, Алматы қ., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхана

Конференцияға қатысу үшін мына сайттан www.kaznu.kz 15 мамырға дейін онлайн тіркеуден өтуіңіз қажет. Мақалаларыңызды Tlek.Ketegenov@kaznu.kz почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Хабарласу ақпараттары:

Оргкомитет адресі:Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., әл-Фараби 71 , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Тел.:+7(727)-3773312, факс: +7(727)-3773344