Жаңалықтар

Маман жетістігі

13.12.2022

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Парасат" кәсіподағы ұйымдастырған "Ең үздік маман-2022" байқауында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің қызметкері Амзеева Баян Шайхымансуровна "Ең үздік маман-2022" грамотасымен марапатталды. Факультетіміздің жетістігі құтты болсын!

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

09.12.2022

 

    09.12.2022 ж7 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Қазіргі замандағы техникалық және кәсіптік білім беру: мәселелері мен болашағы» атты онлайн халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Ғылыми конференцияның мақсаты мен міндеттері: ғылым мен білімнің қазіргі тенденциялары мен дамуына тоқталу, ғылым, білім және өндірістің келешегі мен тенденцияларын талқылау, 
ғылым мен білімнің тұжырымдамалық мәселелері бойынша шетелдік және қазақстандық зерттеушілермен тәжірибе алмасу және осы істі үйлестіру.
Аталған конференцияға Ресей, Қырғызстан, Қазақстанның орта кәсіби білім беру ұйымдарынан педагогтер қатысып, тың идеялармен бөлісіп, қызықты пікір алмасу алаңын құрды. 

Ары қарай оқу >>

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты ғылыми конференция

07.12.2022

   Бүгін университетімізде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері" атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ұйымдастырған ғылыми конференцияға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің төрағасы Асхат Оразханұлы ОРАЗХАН, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Қанат Әсімбайұлы СӘЛІМБАЕВ қатысты. Конференция модераторы, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Суатай Сәбит Құрманжанұлы барша конференцияға қатысушыларға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, Басқарма төрағасы, ф.ғ.д., профессор Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВТІҢ жылы лебіздерін жеткізді. Ғылыми конференцияға қатысушы қонақтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің болашағына қажетті маңызды мәселе екенін, осы жолда әрбір азаматтың адалдық әрі адамдық парызы мемлекеттік мүдденің басты қағидасы екенін атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Уақыт пен Бақыт

05.12.2022

Бүгін факультетімізде халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Бауыржан Момышұлы атындағы қызыл жұлдыз" орденінің иегері, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, драматург, белгілі ақын Бақыт Беделхан ағамыздың "Уақыт пен Бақыт" атты жыр кеші болып өтті. Кешті факультетіміздің деканы Суатай Сәбит Құрманжанұлы жүргізіп, ақынға университет басшылығының алғысы мен жылы лебіздерін білдірді. Сөз құдіретін бағалаған халқының арда азамат, ақын ағамыз кеш барысында өз өлеңдерін оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, тебіренді! Ақын өлеңдерін жатқа оқыған факультеттегі жас шәкірттеріне шын жүректен ризашылық білдірген ақын Бақыт Беделхан "Темірен" атты жыр жинағын тарту етті! Кеш барысында ақын өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылды. 

Ары қарай оқу >>

25 қазан - Республика күні

24.10.2022

2022 жылғы 18-24 қазан аралығында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасы күніне арналған тәрбие іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар оқыту тіліне байланысты қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Іс-шараларды барлық оқу топтарының куратор-эдвайзерлері, сондай-ақ "Саяхат" өлкетану клубы мен "Қазақстантану" танымдық клубының жетекшілері өткізді. Іс-шаралар барысында шетелдік студенттер еліміздің жаңа тарихы, сондай-ақ қазіргі Қазақстан туралы ақпарат алды. Оқытушылар жиналыс барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.

Ары қарай оқу >>

Алтын күз

22.10.2022

     Республика күніне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған “Алтын күз" атты мерекелік іс-шараға жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ОПҚ, тыңдаушылары және "Жас шебер" үйірмесі қатысып, көрме ұйымдастырды. Көрмеге түрлі қолөнер бұйымдарын шығарды. Мерекелік іс-шарада кафедраның талантты жастары өнер көрсетіп, келген қонақтарды тәнті етті. Ұйымдастырылған көрмеге университетіміздің ректоры Қ.Ж. Түймебаев жоғары баға берді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ жастарының студенттік өмірі қызықты

08.10.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында қазақстандық жоғары оқу орнына түсу үшін Болон үдерісі бойынша оқитын шетел азаматтары және ҰБТ сынағына дайындалуға келген шетелдік қазақ жастарымен қатар отандық жастар да ақылы бөлімде де білім алады.

Ары қарай оқу >>

Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған іс-шара

26.09.2022

2022 жылдың 26 қыркүйегінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторлары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций Институты ұйымдастырған 1 қазанда атап өтілетін Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған іс-шараға қатысты. Кездесуге орыс тілін оқып жатқан Қытай студенттерімен бірге жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының орынбасары Келдебеков Қанат Каракулович қатысты. Қонақтар назарына қызықты концерттік және ақпараттық бағдарлама ұсынылды. Шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының Қазақстандағы қытай тілі мамандарын даярлаудың флагманы болып табылатын Конфуций Институтымен ұзақ уақыт жемісті байланысы бар екенін атап өту қажет.

Ары қарай оқу >>

Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

10.09.2022

2022 жылғы 1 қыркүйек күні қоғам назарына ұсынылған Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы таяу болашақта елдің даму жолдарын айқындайтын бағдарламалық құжат болып табылады. Сондықтан ол қоғамның әр белсенді мүшесінде ыстық жауап тапты. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Жолдауды шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы, колледж және бейіндік мектеп бөлімшелерінің оқытушы-профессорлық құрамы, сондай-ақ факультет басшылығы талқылады. Жиналыста сөз сөйлегендер Президенттің қоғам өмірінің түрлі аспектілеріне қатысты идеялары туралы айтып, құжатқа талдау жасады. Талқылау қорытындысы бойынша, қатысушылар қыркүйек айындағы Жолдауда нарықтық экономика мен тиімді мемлекеттік басқару арасындағы оңтайлы теңгерімді қалыптастыру жолында елдің одан әрі дамуының стратегиялық жоспары қаланды деген қорытындыға келді. Бұл жүйеде басты орын құндылықтар мен табысты дамудың өзгермейтін шарты ретіндегі адамның рөліне беріледі. Осыған байланысты факультет ұжымы мемлекет басшысының жоспарларына жан-жақты бірауыздан қолдау білдіріп, оларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға міндеттеме алды.

Ары қарай оқу >>

NSLI-Y бағдарламасымен өткен жазғы курстар

20.08.2022

2022 жылдың жазында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне АҚШ Мемлекеттік департаментінің "жастарға арналған тілдік бастама" (National Security Language Initiative for Youth - NSLI-Y) Жастар бағдарламасы аясында американдық оқушылар тілдік курстан өтуге келді. Жас американдықтардың келу мақсаты - орыс тілін білу дағдыларын жетілдіру және дамыту. Сонымен қатар, NSLI-Y бағдарламасы қабылдаушы елмен танысуды және мәдениетке, сондай-ақ оқу елінің күнделікті өміріне енуді қамтиды.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары АҚШ-тан келген жастарды жылы қарсы алды. Қазақ ұлттық университетінен бағдарламаның жетекшісі филология ғылымдарының докторы Мұсабекова Ұлжан Есенқызы болып табылады. Ұйымдастырушылар қазақстандық тараптан Алматыға келген жоғары сынып оқушыларының назарына тілді меңгеру деңгейіне байланысты сөйлеу қызметінің барлық түрлері бойынша дағдылар мен біліктерді дамытуды, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік астанасы мен оның төңірегіндегі мәдени, тарихи, табиғи көрікті жерлерге саяхат жасау жоспраланған орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың бағдарламасын ұсынды. Ұйымдастырушылар, әсіресе оқытушы Курманова Таисия Витальевна, дайындаған мазмұнды экскурсиялық бағдарлама жергілікті тұрғындармен белсенді қарым-қатынас жасауға, қазақ ұлттық тағамдарымен, қазақтың ұлттық ойындарынмен таныстырып, тіпті атқа мінуден шеберлік сабағын алуға мүмкіндік берді... Бұл іс-шаралар қонақтарымызға Алматы қаласымен танысуға, жергілікті халықтың мәдениеті мен ділі туралы білуге мүмкіндік берді.

Ары қарай оқу >>