Жаңалықтар

«ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ БІЛІМ БАҒЫТЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

18.03.2022

2022 жылы 18 наурызда «Отандастар қоры» КеАҚ білім бағытының маманы Еңлік Бердірахманова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факульттетінде дайындық бөлімінде білім алып жатқан қандастармен кездесті. Кездесуге «Отандастар қоры» және «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымының атқарылған жұмыстары мен алдағы уақытта бірге атқарылатын іс-шаралар мен жобаларды таныстырды. Іс-шараны жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факульттетінің декан орынбасарлары Әмірханов Марат және Тілеуберді Ербол ұйымдастырып өткізді. Жапониядан келген қандасымыз Жадыра Сенбі өз тәжірибелерімен бөлісіп, жетістік жолындағы естеліктерімен бөлісті. Қытай, Монғолия, Иран, Өзбекстан, Түркіменстаннан келіп дайындық бөлімінде білім алып жатқан қандастар көкейдегі сұрақтарына жауап тапты және шағын концерттік бағдарлама өткізді.

Ары қарай оқу >>

Оқытушының жетістігі

15.02.2022

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары Амангелді Нұргүл мен АбдукеримРауза Швейцария экономика және басқару менеджментіне арналған қолданбалы ғылымдар мектебінің СЕРТИФИКАТЫН  иеленді.

Кафедра ұжымы атынан құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

Шетелдік студенттермен дөңгелек үстел өткізілді

27.01.2022

Соңғы 2 жыл ішінде бүкіл әлем пандемиядан зардап шегуде. Бірақ, осыған қарамастан, шетелдік студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында орыс және қазақ тілдерін үйренуді жалғастыруда.

Сабақтарда оқытушылар тек тілдерді оқытып қана қоймай, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы көбірек айтып беруге тырысады. Студенттер қазақстандық ғалымдар, ғарышкерлер, ақындар, жазушылар, музыканттар туралы мағлұмат алады. 2022 жылдың 27 қаңтарында кафедра кураторлары "Өз елін дәріптейтін жас данышпандар" деп аталатын онлайн режимінде дөңгелек үстел дайындап, өткізді. Бұл іс-шарада слайд-шоудың көмегімен кураторлар Қазақстанның жас дарындары туралы, ал Түркиядан келген шетелдік студенттер өз Отанының дарынды балалары туралы әңгімеледі.

Ары қарай оқу >>

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ашық есік күні

10.12.2021

Дәстүр бойынша желтоқсан айының басында ЖОО дейіні білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында "Тілдер және мәдениеттер фестивалі" аясында Ашық есік күні өтті. Бұл халықаралық деңгейдегі тәрбиелік іс-шара. Биыл іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды және онлайн форматта өткізілді. Кафедра студенттері мен оқытушыларынан басқа ресми қонақтар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әпсеметова Еркежан Әжібайқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернационалдандыру және рекрутинг кеңесінің директоры Арслан Мехмет, Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының ғылым, техника және білім консулы Чжан Вэй, Жапонияның Цукуба университетінің өкілі (Цукуба қ.) Такеши Ниномия қатысты. Мәскеу лингвистикалық университетінің оқушысынан қазақ тілінде жылы лебізін білдірді. Қазір кафедрада білім алып жатқан студенттер өлең оқып, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.

Ары қарай оқу >>

«Великие подвижники земли русской» фестивалі

10.12.2021

2021 жылдың 2 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Қазақстанның мектептері мен университеттерінде «Великие подвижники земли русской» фестивалі өтті. Фестиваль Г.Р. Державин атындағы ТМУ (Ресей Федерациясы) Ресей Федерациясының Білім министрлігі қолдаған "тіл арқылы орыс рухының қайнар көзіне" жобасы аясында ұйымдастырылды.

ҚазҰУ арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі Саденова А.Е., доценттер Даркембаева Р. Д., Өзекбаева Н. А. ПГ-8 тобының шетелдік студенттерімен Ли Сье, Ван Цифей, Ербол Динар, Фуркан Мустафа, ПГ -4 Нуретдин Азамат, Ахмади Басира Қазақстанда өткен «Великие подвижники земли русской» халықаралық фестиваліне онлайн түрде қатысты.

Фестивальге 13 елден 400-ден астам студенттер мен оқушылар қатысты, оның ішінде Қазақстанның балалары мен жастары шығармашылық және зияткерлік конкурстарға қатысты. Фестиваль екі кезеңде өтті. Бірінші кезең 2021 жылғы 2-21 қараша аралығында онлайн форматта өтті. Екінші кезең 2021 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында аралас форматта (күндізгі-қашықтықтан) өткізілді. Қазақстанның оқушылары мен студенттері Орыс әдебиетімен және мәдениетімен танысты. Фестиваль 2021 жылдың 10 желтоқсанында Гала-концертпен аяқталды. Қатысушылар жаңа білім мен біліктілікке ие болды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтудағы қандастардың орны мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

09.12.2021

Құрметті әріптестер, қонақтар!

 «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАқ

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы

 

Сізді 2021 жылы 10-11 желтоқсанда

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған

«Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтудағы қандастардың орны мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Мекенжайы:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Өту уақыты: 10-11 желтоқсан 2021 жыл, сағат 16.00 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша)

Идентификатор: 420 051 87 31

Код: V036FV

Алматы қаласы, Масанчи, 39/47

Ары қарай оқу >>

Алтын адам – тарихымыздың тұғыры

12.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «Жас тарихшылар» және «Мұражайтану» үйірмесінің жетекшілері Н.Мажиқызы, Ө.Д. Сандықбаева, «Өлкетану» және «Атамұра» үйірмелерінің жетекшілері К.С.Аширбекова, С.А.Нусупбаева, Г.Жұмаділ, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Ж.Құрбанәлі, Э.Айтқұловамен бірлікте 12.11.2021 ж. сағат 16.00-де. Онлайын ZOOM платформасында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Алтын адам – тарихымыздың тұғыры» тақырыбында бейнеэкскурссия өткізді. Бұл іс-шарамыздың мақсаты, тыңдаушыларға ежелгі Қазақстан тарихы кезеңіндегі өтілген сабақтарымен байланыстырып, оларды ғылыми-танымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамыту және төл тарихымызды насихаттау.

          Іс-шара «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Ж.Құрбанәлі және Э.Айтқұлованың көмегімен, камера арқылы мұражайдағы экспонаттар бір-бірлеп таныстырылып, тыңдаушыларға көрсетілді. Әсіресе, Алтын адам және онымен бірге табылған жәдігерлерге кеңінен таныстырылым жасалды. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан және Өзбекстанда отырған 60-тан астам тыңдаушы қатысты. Іс-шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ тілі – әлем тынысында» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинары

12.11.2021

2021 жылдың 12 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы онлайн форматта қазақ тілін шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытуға арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қазақ тілі – әлем тынысында» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар аясында келесі мәселелер талқыланды:

 

  1. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялар.
  2. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда қашықтықтан оқыту – оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық формасы.
  3. Шетелдік студенттерге қазақ тілін оқытудағы аспектілік пәндердің құрылымы мен мазмұны.
  4. Қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту бағытындағы әдістемелік құралдар мен оқулықтар.

 

Бұл шараға Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шетелде қазақ тілін шет тілі ретінде және екінші тіл ретінде оқытып жүрген жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мамандары қатысты. Атап айтқанда, семинар жұмысына Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы Қалымбет Б.Ә., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Апсеметова Е.А., әдістемелік жұмыс қызметінің басшысы Амирбекова Г.Е., Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің, Пекин шет тілдер университеті (Қытай), Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің, Цукуба университетінің (Жапония), "Манас" қырғыз-түрік университетінің (Бішкек қ.), түркі әлемін зерттеу институтының (Измир қ., Түркия) лингвистері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Алматының мақтанышы-Медеу мұз айдыны

07.11.2021

Дені сау ұрпақ тәрбиелеу- бүгінгі маңызды міндеттердің бірі. Таза әрі саф ауа мен көрікті табиғат аясына жиі саяхат жасау көтеріңкі көңіл күймен денсаулыққа пайдасы зор. Соның бір көрінісі 2021 жылдың 7 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 1, 3, 5, 6, 7, 15, 16, 17  топ кураторлар Мужигова Г.М., Дауытова Ж.К., Нусупбаева С.А., Мағаз Р., Аширбекова Қ.С., Жұмаділ Г., Исаева Н.Т. тыңдаушыларымен Медеу мұз айдынына саяхат жасады. "Медеу" спорттық кешенінде топ тыңдаушылары конькимен мұз үстінде сырғанап, 800 сатылы баспалдақты бағындырып, Медеудің жоғарыдан көрінген керемет көркем табиғатын тамашалап, көңілді демалып қайтты. Мақсат тыңдаушыларға Медеу әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар, көптеген Отандық кинолардың тарихында қалған, "Азия дауысы" халықаралық ән байқауы жайында талай тарихы іс-шараларға мұрындық болғаны Медеу тарихымен таныстыру, тыңдаушыларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану.

Ары қарай оқу >>