Жаңалықтар

Соңғы қоңырау кеші өтті

01.06.2023

   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектебінің «Сәт сапар, саған, Жас Түлек» атты  мектеп бітіруші түлектердің салтанатты шарасы  Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтті.

Ары қарай оқу >>

Колледжге жаңа басшы

02.03.2023

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, ф.ғ.к., профессор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Колледжіне директор лауазымына медицина ғылымдарының кандидаты Еркебай Райхан Аманкелдіқызы тағайындалды. 

Ары қарай оқу >>

Алғыс айту күні

01.03.2023

   Құрметті, әріптестер! Бүгінгі келіп жеткен шуақты көктемнің алғашқы лебі - 1- наурыз Алғыс айту күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз көркейіп, өркендеу жолында жас ұрпақты тәрбиелеуде етіп жүрген еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Ел аман, жұрт тыныш болып, әр отбасыда амандық,   ұжымда береке-бірлік болсын! Баршаңызға мың алғыс, қадірлі де қымбатты әріптестер!

Ары қарай оқу >>

Ашық есік күні өтті

18.02.2023

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектептің ұйымдастыруымен өткен «Жас әл-Фараби» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының X Республикалық конференциясы аясында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ашық есік күні өткізілді. Ашық есікке Алматы қаласының оқушыларымен қатар, X Республикалық конференцияға қатысушы еліміздің әр өңірінен келген оқушылар қатысып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өмірімен танысып,  факультет жайлы көптеген мәліметтер алды.

Ары қарай оқу >>

"Жас әл-Фараби" атты оқушылардың республикалық конференциясы

18.02.2023

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектептің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханада «Жас әл-Фараби» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының X Республикалық конференциясы болып өтті.

   Конференцияның басты мақсаты - оқушылардың ғылым саласындағы үлестері мен жетістіктерін, мүмкіндіктерін бағалау арқылы отандық ғылыми-зерттеулер мен өнертабыстар, ғылыми жаңалықтарды ашу және дамытуда жас буынға серпін беру болып табылады. Республикалық конференцияға Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, еліміздің барлық облыстарынан оқушылардың 500-ден аса ғылыми жобалары жолданып, 9 секция бойынша 300 ге жуық қатысушы ғылыми жобасын қорғады. Конференцияда үздік ғылыми жұмыспен топ жарғандар арнаулы орындарға ие болса, белсенді қатысқандар түрлі секциялар бойынша марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, Бейіндік мектеп ұжымы республикамыздың әр өңірінен келген конференцияға қатысушы оқушылардың ғылыми жетекшілеріне арнаулы мастер - кластар ұйымдастырып, тәжірибе алмасу сабақтарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Түркияға көмек

12.02.2023

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының игі бастамасына сәйкес,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы, ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен университет ұжымы да бауырлас Түркия мемлекетіне қайырымдылық істеріне өз үлестерін қосуда. Зілзаладан зардап шеккен түркиялық бауырлас халыққа гуманитарлық көмектің бастамасы  ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы бір күндік жалақысын аударып, Түркия мемлекетіне деген ыстық ықыласын танытты. 

   Аталмыш қайырымдылық шарасы аясында «Түркия мемлекетіне - көмек» қайырымдылық акциясына  әл-Фараби ҚазҰУ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Суатай Сәбит Құрманжанұлы бастаған факультет ұжымы алғашқылардың бірі болып көмек ұйымдастырды. Көмек  ұйымдастырған факультет ұжымы зілзаладан зардап шеккендерге қажетті жабдықтарды (көрпе-жастықтар, жұмсақ төсеніштер,   қысқы жабдықтар және т.б. заттар) жинап университетке тапсырды.

Ары қарай оқу >>