Жаңалықтар

Театрдың жастарға берері мол

28.10.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 1, 3, 5, 6, 7, 15, 17  топ тыңдаушылары және кураторлары Мужигова Г.М., Дауытова Ж.К., Нусупбаева С.А., Аширбекова Қ.С., Жұмаділ Г., Исаева Н.Т. 2021 жылдың қазанның 28 жұлдызында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, "Сыған серенадасы" атты қойылымды тамашалады. Іс шараның мақсаты: шет елден келген тыңдаушыларды еліміздің басты мәдениет ордасымен таныстыру. Вальс королі әйгілі сазгер Шәмші рухына арналған бұл туындыны тамашалау кезінде, тыңдаушылар ерекше әсерге бөленіп, рухани азық алып қайтқаны сөзсіз. Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген  қайраткері Б.Тұрыстың, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Н.Карабалинаның жоғары актерлік шеберліктері жас ұрпақты тәнті етті.

 

Ары қарай оқу >>

Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

22.10.2021

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі ПДК -203 тобының кураторы Әсембаева Алтын Шакержанқызы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты куратор сағатын өткізді. Куратор сағатында топтың білім алушылары ақынның өмір жолымен таныса отырып, оның өлеңдерін жатқа айтты.

Ары қарай оқу >>

1 курс білім алушыларының Әл-Фараби ат. ҚазҰУ кампусына саяхаты

29.09.2021

2021 жылдың 9 қыркүйек күні ҚазҰУ колледжінің «Құқықтану», «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының 1 курс студенттеріне университетіміздің ғиамараттарымен, ғимараттардағы мұражай, кітапхана бөлімшелерімен, денешынықтыру залындағы жаттығу орындарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанға қош келдіңіз !.

09.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары онлайн форматтағы мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан, шетелдік тыңдаушылардың қазақ және орыс тілдерін үйренуін насихаттауды мақсат еткен халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізуде. Осындай іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті.

Ары қарай оқу >>

64 - Студентік конференция

07.04.2021

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында оқитын шетелдік тыңдаушылар жыл сайынғы студенттік конференцияға белсенді қатысады. 7 сәуір күні кафедра оқытушыларының жетекшілігімен VІІІ Халықаралық Фараби оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдардың ХХХVІ халықаралық ғылыми конференциясының секциялық отырыстары өтті.

Ары қарай оқу >>

Ұлы адамдар өлкесі

24.02.2021

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары дәстүрлі түрде тыңдаушыларды еліміздің тарихымен, мәдениетімен жақынырақ таныстыруды мақсат ететін тәрбиелік іс-шаралар өткізеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсыңында мұндай іс-шаралар ерекше мәнге ие болады. Куратор-эдвайзерлер тәрбие жұмысы бойынша клуб жетекшілерімен бірлесіп, қазақ тілін үйренуші студенттермен "Ұлы адамдар өлкесі" атты факультеттік деңгейдегі дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқытушылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына, мәдениетіне, ғылымына баға жетпес үлес қосқан ұлы тұлғалар туралы әңгімеледі. Студенттер Қазақстан халқы мақтан тұтатын есімдермен үлкен қызығушылықпен танысты, сондай-ақ тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Біздің қызығушылықтарымыз бен хоббиімыз

01.02.2021

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері екінші семестрде жоспарлы тәрбиелік іс-шараларды жалғастырды. Кезекті кураторлық сағат "Біздің қызығушылықтарымыз бен хоббиімыз" тақырыбына арналды. Студенттер өздерінің хоббиі, бос уақыттарын қалай өткізетіндері туралы үлкен ықыласпен айтты. Қазіргі жастар спорттың әр түрлерімен шұғылданып, дене шынықтырумен айналысатынын атап өткіміз келеді.

Ары қарай оқу >>

Музыкалық фестиваль

24.01.2021

Музыкалық фестиваль 24.01.2021  Огайо штатының Цинциннати қаласы, Union Institute & University (UI&U) белгілі профессор Тичаут Вуден ұйымдастырды. Цинциннати университеті (UI&U) — АҚШ-тың Огайо штатындағы Цинциннати қаласында орналасқан жеке ғылыми-зерттеу университеті. Огайо штатының университет жүйесінің бөлігі және Цинциннати қаласындағы ең көне жоғары оқу орны. 

Мақсаты-халықаралық аудиторияны әлем халықтарының әндерімен сүйемелдей отырып, қазақ домбырасы мен америкалық гитараның музыкалық колоритімен таныстыру.

Музыкалық фестивальдің қонақтары – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары және АҚШ, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан студенттері.

Кеш Қазақ, Ауған және ағылшын тілдерінде қызықты дискуссиямен және әндердің орындалуымен өтті.

 

Ұйымдастырушылар: М.С. Мырзабеков, Ж. Т. Бимагамбетова, З. М. Тохмухаметова, М. Н. Нургалиева, А. Ш. Муртаза

Ары қарай оқу >>