Студенттік өмір

Іс-шара атауы

Күні

Сипаттамасы

 Қалалық конференция  10.11.2018  2018 жылдың 10 қараша күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті "Ғарышты зерттеудің өзекті мәселелері" атты оқушылар конференциясын ұйымдастырып өткізді
 «Жапон күндері»

 

 10.11.2018 2018-2019 оқу жылында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Халықаралық достық клубы» жұмыс істей бастады. Клуб жаңа дәстүр негізінде әр елдердің мәдени күндерін атап өтуды бастады. Қазан айының аяғымен қараша айының басында Жапон елінің мәдени күндері өтті. 

 

 "Рухани жаңғыру" бағдарламасына арналған іс-шара  12.10.2018  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Ел басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Ұлттық рухани мұраның жаңғыруы және отандық әдебиеттің әлем танудағы рөлі» атты азаматтық-патриоттық, әдеби-танымдық шара өткізді
  Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері 18.02.2018

2018 жылдың 18 ақпан күні сағат 20:00-де №14-ші жатақхананың акт залында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері» атты тәрбие өтті.

 «Көктем мейрамы» атты ашық тәрбие шараға  9.02.2018  2018 жылы 9 ақпан күні сағат 16:00-де   ГУК-4 ғимаратының акт залында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушылары мен студенттері «Көктем мейрамы» атты ашық тәрбие шараға белсене қатысты. Шара қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мейрамына арналған.  Ұйымдастырушы – КазҰУ-ның шығыстану факультеті. Шараға КазҰУ басшылары, Қытай елшілігінің Бас консулы, білім және мәдениет жөніндегі консулы, Алматы жоғары оқу орындарының ресми өкілдері шақырылды. 

 

«ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Теңіз  өнімдері»   атты іс-шара 28.12.2017  1)      28.12.2017ж.  сағ. 15.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Мәжіліс  залында (Ұлықбек, 36)  «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Теңіз  өнімдері»   атты іс-шара өткізілді. Теңіздің  биомассасы,  оның әлемдік орны туралы түсінік берілді.  Теңіздегі кәсіптік мәні зор – балықтар туралы талқыланды, қызықты мәліметтер оқылды.  Соңында ойын түрінде сабақ қорытындыланды.

Ұйымдастырушы: Үсенбекова  А.Е.

   «Ұлттық  тағамдардың  шығу тарихынан»  25.12.2017  1)      25.12.2017ж.  сағ 19.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің жатақханасының 102 – ші  бөлмесінде (Ұлықбек, 36)  «Ұлттық  тағамдардың  шығу тарихынан» атты  іс-шара өткізілді. Тыңдармандармен  бөлмеде  дөңгелек үстел ұйымдастыра  отырып,  кейбір  ұлттық  тағамдар туралы айтылды.   Өзбек  халқының  ұлттық  тамағы -  палау, оның құрамы туралы  толық түсінік  беріліп,  соңында бір дастархан басында шай ішілді.

Ұйымдастырушылар: Үсенбекова  А.Е және Шаңбаева Ұ.С

   «Витаминдер»   атты  іс – шара   25.12.2017 25.12.2017 ж.  сағат 20.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің оқу бөлмесінде  (Ұлықбек, 36) «Витаминдер»   атты  іс – шара өткізілді. Витаминдер  туралы,  оның  түрлері, химиялық құрамы туралы мәлімет берілді.  В  тобы витаминдеріне, С витаминіне және Е витамині  туралы мысалдар арқылы  түсінік берілді.

Ұйымдастырушы: Үсенбекова  А.Е.

  «Анаға  апарар  жол»    23.12.2017   23.12.2017ж.  сағ. 20.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Мәжіліс  залында (Ұлықбек, 36) «Жатақханадағы іс - шара» айдарымен «Анаға  апарар  жол»   атты  фильмді жатақханада    көрсету ұйымдастырылды. «Қазақфильм»  түсірген  «Анаға  апарар  жол»  фильмін  көрсеттім.  Кейіпкер  Ильястың  тағдыры арқылы  1922-1955  жж  арасындағы қазақ  халқының  басынан өткен  қиын    тарихынан   мағлұмат алып,  көздеріне  жас  ала  тебіренді.

Ұйымдастырушы: Үсенбекова  А.Е.

«Жер – Ана – өз  үйім»  21.12.2017

    21.12.17ж.  сағ. 15.00-де ЖОО-ға  дейінгі дайындық кафедрасы,  (Ұлықбек,36) 3-ші  қабат  дәлізінде «Гринкампус»    аясында  өткен «Жер – Ана – өз  үйім»   атты  тақырыпқа  плакаттар  сайысы  көрмесі өткізілді. Бұл  «Жер –Ана – өз үйім»   атты  плакаттар  сайысына  4,5, 7,12  топ  биология мамандығы  тыңдармандары қатысты.  Тақырып  бойынша  А3  форматта   плакаттар салды.  Олар тақырып  мәнін  ашу үшін  көптеген  мәліметтерді оқып,  ізденіп,  шеберліктерін танытты.

Ұйымдастырушы: Үсенбекова  А.Е.

«Аққан  жұлдыз - Шоқан»  20.12.2017

  20.12.2017 ж.  сағ. 15.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Мәжіліс  залында (Ұлықбек, 36)  «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Аққан  жұлдыз - Шоқан»   атты іс – шара өткізілді. Ұлы  ғалымның  қысқаша өмірбаяны  туралы айтылды.  Балалық шағы,  жасөспірім шағы  туралы  үзінді  оқылды.  Оның  білімділігі,  география ғылымындағы орны туралы айтылды.  Өмірден ерте  озғандығы  айтылды. С.Мұқановтың   Шоқан  туралы жазған «Аққан  жұлдыз»  романын оқу  ұсынылды.

Ұйымдастырушылар: Үсенбекова  А.Е, Сәткенова Ж.Б және Шаңбаева Ұ.С

   «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Қазақтың  үш  биі»   атты іс – шара өткізілді  20.12.2017  20.12.2017 ж.  сағ. 16.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Мәжіліс  залында (Ұлықбек, 36)  «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Қазақтың  үш  биі»   атты іс – шара өткізілді. Қазақ  тарихында өшпес  орны бар  әйгілі  үш  бидің  өмірбаяны  туралы   әңгімеленді.  Сол  замандағы  халықтың   тұрмысы   туралы түсінік берілді.  Үш  бидің  үлгі боларлық  орны айтылды.

Ұйымдастырушылар: Үсенбекова  А.Е, Сәткенова Ж.Б және Шаңбаева Ұ.С

   «Кім   білімпаз - 3»   атты тыңдармандарымен    жүргізілген    биология  пәні  сайыс.    19.12.2017   19.12.2017 ж.  сағ.16.30-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің 102  аудиториясында (Ұлықбек, 36)  «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Кім   білімпаз - 3»   атты тыңдармандарымен    жүргізілген    биология  пәні  сайыс өткізілді. Тыңдармандарға    биологиядан    түрлң ойвн  түрінде  тапсырмалар  берілді.  Негізгі   тақырыптар  мен  тараулар   мазмұны  бойынша   сайыс  жүргізілді.    «Сұңқар», «Қыран», «Лашын» деп аталатын  3  топ  арасында  жүргізілді.     Негізгі  сұрақтар   ботаника  мен  зоология  бөлімдері  бойынша  қамтылды.

 

 «Ежелгі  грек  ойшылдары»  12.12.2017 12.12.2017 ж.  сағ. 17.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Мәжіліс  залында (Ұлықбек, 36) «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Ежелгі  грек  ойшылдары» іс - шара өткізілді. Ежелгі ойшылдар – Аристотель, Гиппократ, Теофраст, Платон,  Сократтың  қысқаша өмірбаяны  туралы   әңгімеленді.  Сол  замандағы  ғылымның  даму деңгей, халықтың   тұрмысы   туралы түсінік берілді.  Осы ғалымдардың ғылымды дамытудағы  ролі,  жазған еңбектерімен  таныстырылып,  мағлұматтар берілді.

Ұйымдастырушылар: Үсенбекова  А.Е және Шаңбаева Ұ.С

 «Кім   білімпаз - 2»   атты тыңдармандарымен    жүргізілген    биология  пәні  сайыс  27.11.2017  27.11.2017 ж.  сағ. 16.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің 102  аудиториясында (Ұлықбек, 36)  «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Кім   білімпаз - 2»   атты тыңдармандарымен    жүргізілген    биология  пәні  сайыс өткізілді. Биологиядан  өтілген  тақырыптар   бойынша  сайс  түрінде іс-шара өтті.  Жаңа  форматты  тест  сұрақтары  арқылы  сайыс  жүргізілді.   Сайыс   негізінен  жеке  тыңдарман  және топтар  арасында  жүргізілді.     Негізгі  сұрақтар   ботаника  мен  зоология  бөлімдері  бойынша  қамтылды.

Ұйымдастырушы: Үсенбекова  А.Е.

   «Спорт – денсаулық кепілі»   тақырыбымен ойын – эстафеталық сабақ   23.11.2017  1)      23.11.2017ж.  сағ. 14.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Мәжіліс  залында (Ұлықбек, 36) «Салауатты  өмір салты»  аясында  «Спорт – денсаулық кепілі»   тақырыбымен ойын – эстафеталық сабақ өткізілді. Тыңдармандармен   доппен  ойын ұйымдастыра отырып,  жылдамдыққа,  дәлдікке,  ептілікке,  топпен жұмыс істей білуге  баулу  элементтері қолданылып ойын сабағы өтілді. Тәуліктік   белсенділік,  тәуліктік сағат,  спорттың  маңызы туралы айтылып,  топтар арасында доппен ойындар жарысы өтілді.

Ұйымдастырушылар: Үсенбекова  А.Е және Шаңбаева Ұ.С

 «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Шығыстың  ғұлама  жұлдыздары»   атты іс – шара   22.12.2017  1)       22.12.2017 ж.  сағат 15.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Мәжіліс  залында (Ұлықбек, 36)  «ҚазҰУ  студенті оқуға тиісті 100 кітап»  жобасы  аясында «Шығыстың  ғұлама  жұлдыздары»   атты іс – шара өткізілді. Шығыс  ғалымдары – Ибн Сина,  Ә.Р.Бируни, О.Хайям, Әл-Фараби, М.Х.Дулатидің қысқаша өмірбаяны  туралы   әңгімеленді.  Ғалымдардың ғылымды дамытудағы  ролі,  жазған еңбектерімен  таныстырылып,  мағлұматтар берілді.

Ұйымдастырушылар: Үсенбекова  А.Е және Шаңбаева Ұ.С

 Сыңғырла, соңғы қоңырау, сыңғырла

 

 25.05.2017  Бүгін 2017 жылғы 25 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бейіндік мектеп оқушыларының  «Сыңғырла, соңғы қоңырау, сыңғырла!» атты салтанатты жиыны өтті.

Бейіндік мектеп үшін 2016-2017 оқу жылы да өз жемісімен, өз жеңісімен мəреге келіп жетті.

 Наурыз мерекесі  22.04.2017  Наурыз мерекесі 
 Болашақ Отан қорғаушысы  21.04.2017  21 сәуір күні  ҚазҰУ әскери кафедрасында Қарулы Күштердің  25 жылдығына және Ұлы Жеңіс Күніне орай Алматы қаласының мектептері арасында ҚазҰУ ректорының Кубогына «Болашақ Отан қорғаушысы»  атты патриоттық ойын өтті.   Бұл жарыста Алматы қаласының әр ауданынан келген ең мықты 8 мектептері бақ сынасты.  Жарыс  оқушылардың  әскери дайындықтарымен қатар шығармашылық қабілеттері мен білім деңгейлерін айқын көрсетті. Патриоттық ойын әртүрлі  қиын да қызық сайыстардан тұрды.  Осы сайыстарда көштің басын ұстап, «Бөбек»  мектебі  алтын медаль иегері болды. Ал «Бөбек» мектебін қостаған  ҚазҰУ  бейіндік  мектебі  күміс медаль  алды. Көшті аяқтап,  № 179 мектебі  қоржындарын қола медальмен толықтырды
«Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу:  мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел  16.04.2017 

Әл-Фараби кітапханасында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу:  мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында ҚР ЖОО-да студенттердің құжатын нострификациялау, студенттердің құжатын рәсімдеу мәселелері талқыланды. 

 ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған «ХХІ ғасыр оқушыларының интеллектуалды әлеуеті: жетістіктер және инновациялар» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының IV «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» мектеп конференциясы 

 

 

 17.04.2017  Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінің  басшылығымен ұйымдастырылды.

 

Конференцияның жұмысына Алматы қаласыдағы физика-математика бағытындағы,  химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, №15,140 гимназияларының, №169 лицейдің оқушылары қатысты. Жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы ғылмдар бойынша 4 секция жұмыснда 122 ден астам баяндамалар тыңдалды.  

 

География және табиғатты пайдалану факультетіндегі күндер

14-15.02.2017 Ақпан айының 14-15 жұлдыздарында біз, ҚазҰУ бейіндік мектебі, ҚазҰУ география факультетіне бардық. Соның ішінде геодезия мен картография және метеостанция. Геодезия және картография кафедрасында біз, біріншіден, мұндай мамандықтың барын, екіншіден, бұл мамандық қаншалықты қиын болса, соншалықты қызық екенін және бұл мамандық иелері әрдайым жұмыс тауып, жақсы жалақы алатынын білдік. Бізді геодезия және картографиямен кафедраның 1, 2 курс студенттері мен магистранттары таныстырды. Келесі күні біз метеостанцияга бардық. 
  28-ші Қысқы Универсиада «Эстафета отының алауы» шарасына қатысу. 29.01.2017  Шетел студенттері Алматы қаласының көшелерімен откен «Эстафета отының алауы» шарасына шабытпен қатысты
 «Елші сағаты» атты кездесу  28.11.2016  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің мәжіліс залында «Елші сағаты» атты кездесу өтті.                       АИР Бас консулдығының елшілері ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің басшылығы мен тыңдаушыларын Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, факультет басшылығына өз ризашылығын білдірді.  Бас консул ауған тыңдаушыларды Қазақстандағы университеттің оқу жүйесімен таныстырып өтті. Сонымен қатар тыңдаушылар демалыс кезінде басқа қалаларға бару үшін факультет пен елшілік тарапынан рұқсат алу керектігі жайлы тоқталып өтті. 
   Көш және Көшбасшы  18.11.2016  Студенттер сарайында «Көш және Көшбасшы» атты кездесу өтті. Қауымдастықтың ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігі мен қазақ көшінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Концерттік мерекелік кеш бағдарлама бойынша өз жалғасын тапты. 
 БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі  17.11.2016  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің акт залында «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» халықаралық студенттік конференция өтті. Аталмыш модель БҰҰ-ның Орталық Азия аумағындағы ең ірі моделі болып табылады. Жастар форумы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен еліміздегі БҰҰ қызметінің 25-жылдығына арналды. 

  Ашық есік күні  09.12.2016  Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының Ашық есік күні

 « С. Есенин. Штрихи к портрету» атты ашық тəрбиелік шарасын өткізді  26.11.2016  "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында 2016 жылы 19 қараша күні сағат 12:00-де 217 аудиторияда ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік жəне жалпы білім беру дайындығы кафедрасы « С. Есенин. Штрихи к портрету» атты ашық тəрбиелік шарасын өткізді

 

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында ҚР халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың мемориалды кабинетін ашу шарасы  18.11.2016

1

2016 жылдың 30 наурызында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары: Ж.Қ. Дауытова, Қ.Р. Ембергенова, Т.М. Буланова, К.Д. Абдибекова, А.К. Бегалиеваның ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысы бойынша тыңдаушылар университеттің механика-математика және физика факультеттеріндегі зертханаларда болып, мамандықтар жайлы мағлұмат алды.

30.03.2016

Шетелдік тыңдаушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асырып, университет пен факультетпен таныстыру жүргізілді

2

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының АИР тыңдаушылары үшін ұйымдастырылған "Наурыз мерекесі" атты шара өтті

20.03.16

Наурыз мерекесіне орай ҚазҰУ-де "Наурыз мерекесі" өтті. Оған кафедрамыздың АИР тыңдаушылары мен олардың кураторлары барып қатысты.

3

АИР тыңдаушыларын "Қазақ киносы" үйірмесінің аясында "16 қыз" комедиясын тамашалады

05.03.16

Ауған тыңдаушыларын "Иллюзион" кинотеатрында өткен "16 қыз" фильмін тамашалауға ұйымдастырған Тілеужанова Г.Т., Сапаева Г.Е.
4 "8 наурыз әйелдер күні" 04.03.2016 ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар қауымы үшін мерекелік концерт өтті.

5

"Заманауи инновациялық бағыттар" атты конференция өтті.

25.02.16

ОПҚ конференциясы ұйымдастырылды. Әр түрлі университеттерден оқытушы ұстаздар келіп қатысты.

6

"ООН -Жібек жолы моделі" студенттік конференция

27.03.16

Ауған тыңдаушылар Т.Рысқұлов университетіне барып, студенттік конференцияға қатысты.

7 "Дені саудың жаны сау" үйірмесінің аясында ауған топтары коньки тебуге барды 02.02.2016 Салауатты өмір салты аясында шетелдік тыңдаушыларды коньки тебуге апардық.
8 АИР топтарын кәсіптік бағдар беру мақсатында ҚазҰУ-дың физика-математика факультетіне таныстыру мақсатында апарылды. 28.01.2016. АИР топтарының физика мамандығында білім алып жатқан тыңдаушыларын физика және математика факультетіне танысу мақсатында кәсіптік бағдар берілді.

 

ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ КҮНДЕР