Жаңалықтар

Тіл білімінің жаңа парадигмалары

10.02.2023

   Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханада «ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАЛАРЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ІЗДЕНІСТЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. 

  Ғылыми жиында елімізге белгілі ғалымдар КИМЭП университетінің профессоры Ерназарова Зәуреш Шаршыбекқызы «Көптілді білім беру кеңістігіндегі қазақ тілінің орны», Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің профессоры Күзекова Зейнехан «Қазақ тілі практикалық грамматика концепциясы және сипаттау ұстанымдары», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Пак Татьяна Николаевна, Джанг Вонки «Проблематика использования личного местоимения 2 лица в корейском языке», Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы «Кәсіби - бағытталған қазақ тілін оқыту» атты тақырыптарда баяндама жасады. Тіл білімі ғылымының халықаралық деңгейдегі жаңа жетістіктері, озық ғылыми ізденістер және ғылыми зерттеудің жаңа әдістері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

"Әл-Фараби - 2023" халықаралық олимпиадасы өтеді

01.02.2023

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен "Әл-Фараби - 2023" халықаралық олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға еліміздің барлық аймағынан және ТМД елдерінен мектептің бітіруші сыныптары қатыса алады. Халықаралық олимпиада 3 кезеңнен тұрады. Барлық ақпарат сайтта көрсетілген. Олимпиадаға қатысу үшін kaznu.kz сайтындағы олимпиада туралы сілтеме арқылы тіркелуге болады.

Ары қарай оқу >>

Университеттің Индикативтік жоспар көрсеткіші талқыланды

25.01.2023

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңес отырысында индикативтік жоспардың орындалу барысы талқыланды. Кафедралар мен факультеттердің 2022/23 оқу жылының алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткішін Стратегиялық даму орталығының директоры Гүлшарат Минажева саралап берді. Сонымен қатар жиында Әл-Фараби кітапханасының жұмысы мен 2022 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының қорытындысы айтылды.

Ары қарай оқу >>

"Денсаулық" 49-шы қысқы Спартакиаданың қорытындысы

25.01.2023

  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 49-шы рет ұйымдастырылған дәстүрлі қысқы "Денсаулық" Спартакиадасына белсене қатысып, топ жарғаны үшін ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ ұжымының командасын университетіміздің "Парасат" кәсіподағының төрағасы Талғат Құмарғалиұлы Мекебаев АЛҒЫС ХАТ-пен марапаттады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ қызметкерлерінің 49-шы Қысқы спартакиадасы

06.01.2023

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің "Парасат" кәсіподағы ұйымдастырған оқытушылар және қызметкерлер арасындағы дәстүрлі 49-шы Спартакиада ойындары 4 қаңтарда басталып, спорттың тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бадминтон, волейбол, мини-футбол түрлерінен қызу жарыстар өтуде. Спартакиаданың әйелдер арасындағы волейболдан топ жарып, үздік шыққан Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің әйелдер командасы 2-ші орын алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің әйелдер командасы университет командалары арасында волейболдан алғаш рет 2-ші орын алып отыр. Факультетіміздің намысын қорғап, спорттық сайыста үздік өнер көрсеткен қатысушыларды бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ қызметкерлерінің "Парасат" Кәсіподағы факультет қызметкерлерінің балаларын Жаңа Жылмен құттықтауы

27.12.2022

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы Студенттер сарайында университет қызметкерлерінің балаларына арналған «Еліміздің үздік жаңа жылдық шоуы» атты мерекелік қойылым ұйымдастырып, Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ "Парасат" кәсіподағы Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті қызметкерлерінің балаларына арнайы Жаңа жылдық сыйлықтар тапсырды.

Ары қарай оқу >>

Факультеттің кеңейтілген кезекті ғылыми кеңес мәжілісі

27.12.2022

    Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің кеңейтілген кезекті ғылыми кеңес мәжілісі болып өтті. Ғылыми кеңес төрағасы, факультет деканы Суатай Сәбит Құрманжанұлы мәжілістегі күн тәртібіндегі жоспар бойынша жарты жылдық атқарылған іс-шаралар және жоспарланып отырған жұмыстар жөнінде презентация арқылы шолу жасады. Кеңейтілген мәжіліс барысында ұжымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ағымдағы оқу жылында халықаралық, республикалық байқау, конкурстардан жүлделі орын алған ұстаздарға ресми түрде медаль табыстап, арнайы құттықтады. Сондай-ақ, факультетімізде білім беру саласында үздік қызмет атқарып келе жатқан оқытушы-профессорлар құрамына деканның арнайы Алғыс хатын табыстады.

Ары қарай оқу >>

Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл

27.12.2022

    Еліміздің әдеби, мәдени, тарихи-қоғамдық, саяси өмірінде халқына адал да қыруар еңбек еткен ұлт перзенті қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушы Шерхан Мұртаза екені баршамызға мәлім. Биыл Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай республика көлемінде көптеген іс шаралар ұйымдастырылып, жазушының шығармашылығы мен өмірі насихатталды. Аталған іс-шаралардың жалғасы ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде "Шерхан Мұртазаның шығармашылығының әдебиет үдерісіндегі контексі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға қонақ ретінде "Егемен Қазақстан" газетінің корреспондент мүшесі, журналист, жазушы Садырқызы Г., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті, Шетел филологиясы және аударма кафедрасының доценті Сүлейменова Г.С. қатысты. Іс-шараға қатысушылар Ш.Мұртазаның шығармаларындағы қазақ тілінің айқындауыштық рөлі, тілдің қоғамның дамуына әсері, қоғамда мәдени-тілдік дәстүрдің сақталуы туралы баяндамалар жасап, қаламгердің ұрпаққа мирас етіп қалдырған еңбектері жөнінде пікіралмасулар жасалды.

Ары қарай оқу >>

Ұстаз еңбегі

20.12.2022

    Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамы ұйымдастырған «Тәуелсіз елдің үздік ұстаздары - 2022» атты республикалық байқауға еліміздің ЖОО, ОАОО, сондай-ақ білім саласында қызмет атқарып жүрген педагог қызметкерлер де қатысты. Республикалық конкурсқа қатысып, «Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері» тақырыбында кәсіби үздік педагогикалық жемісті еңбегінің арқасында факультетімізден Ахметова Маржан Аубакировна «Ұстаз» номинациясымен марапатталды. Факультетіміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қоса беріңіз!

Ары қарай оқу >>

Үздік ұстаз

15.12.2022

   Жуырда еліміздің ЖОО, ОАОО сондай-ақ жалпы білім беру ордаларындағы педагог қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы Педагогтар қоғамы ұйымдастырған "Тәуелсіз елдің үздік ұстаздары-2022" атты республикалық байқауға қатысқан факультетіміз құрамындағы колледж ұстазы Денгельбаева Назгуль Болысбаевна "Білім беру ісінің үздігі" номинациясымен марапатталды. Факультетіміздің кезекті жетістігі құтты болсын!

Ары қарай оқу >>