Жаңалықтар

Қазақстанға қош келдіңіз !.

09.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары онлайн форматтағы мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан, шетелдік тыңдаушылардың қазақ және орыс тілдерін үйренуін насихаттауды мақсат еткен халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізуде. Осындай іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті.

Ары қарай оқу >>

64 - Студентік конференция

07.04.2021

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында оқитын шетелдік тыңдаушылар жыл сайынғы студенттік конференцияға белсенді қатысады. 7 сәуір күні кафедра оқытушыларының жетекшілігімен VІІІ Халықаралық Фараби оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдардың ХХХVІ халықаралық ғылыми конференциясының секциялық отырыстары өтті.

Ары қарай оқу >>

Ұлы адамдар өлкесі

24.02.2021

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары дәстүрлі түрде тыңдаушыларды еліміздің тарихымен, мәдениетімен жақынырақ таныстыруды мақсат ететін тәрбиелік іс-шаралар өткізеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсыңында мұндай іс-шаралар ерекше мәнге ие болады. Куратор-эдвайзерлер тәрбие жұмысы бойынша клуб жетекшілерімен бірлесіп, қазақ тілін үйренуші студенттермен "Ұлы адамдар өлкесі" атты факультеттік деңгейдегі дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқытушылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына, мәдениетіне, ғылымына баға жетпес үлес қосқан ұлы тұлғалар туралы әңгімеледі. Студенттер Қазақстан халқы мақтан тұтатын есімдермен үлкен қызығушылықпен танысты, сондай-ақ тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Біздің қызығушылықтарымыз бен хоббиімыз

01.02.2021

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері екінші семестрде жоспарлы тәрбиелік іс-шараларды жалғастырды. Кезекті кураторлық сағат "Біздің қызығушылықтарымыз бен хоббиімыз" тақырыбына арналды. Студенттер өздерінің хоббиі, бос уақыттарын қалай өткізетіндері туралы үлкен ықыласпен айтты. Қазіргі жастар спорттың әр түрлерімен шұғылданып, дене шынықтырумен айналысатынын атап өткіміз келеді.

Ары қарай оқу >>

Музыкалық фестиваль

24.01.2021

Музыкалық фестиваль 24.01.2021  Огайо штатының Цинциннати қаласы, Union Institute & University (UI&U) белгілі профессор Тичаут Вуден ұйымдастырды. Цинциннати университеті (UI&U) — АҚШ-тың Огайо штатындағы Цинциннати қаласында орналасқан жеке ғылыми-зерттеу университеті. Огайо штатының университет жүйесінің бөлігі және Цинциннати қаласындағы ең көне жоғары оқу орны. 

Мақсаты-халықаралық аудиторияны әлем халықтарының әндерімен сүйемелдей отырып, қазақ домбырасы мен америкалық гитараның музыкалық колоритімен таныстыру.

Музыкалық фестивальдің қонақтары – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары және АҚШ, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан студенттері.

Кеш Қазақ, Ауған және ағылшын тілдерінде қызықты дискуссиямен және әндердің орындалуымен өтті.

 

Ұйымдастырушылар: М.С. Мырзабеков, Ж. Т. Бимагамбетова, З. М. Тохмухаметова, М. Н. Нургалиева, А. Ш. Муртаза

Ары қарай оқу >>

Қ.Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласын талқылау

12.01.2021

2021 жылғы 12 қаңтарда Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары өздерінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласын талқылады. Кафедра оқытушылары Дүйсенбаева Р.И. және Айдарова А.С. қазақ және орыс тілдерінде хабарлама дайындап, мемлекет басшысының мақаласында айтылған негізгі ойларға тоқталып өтті. Талқылау соңында кафедра ұжымымен ел Президенті тұжырымдаған барлық тезистерді бірауыздан қолдайтыны атап өтілді.

Ары қарай оқу >>

Атажұртым - Қазақстан

06.01.2021

6.01.2021 ж, сағ 11 00-де ZOOM   платформасында «Атажұртым – Қазақстан» тақырыбымен ашық тәрбие сағаты болды.

Тәрбие сағатына кафедра оқытушылары,   факультеттің аға кураторы, оралман тыңдаушылар және ҚХР-ның   бірнеше магистранттары қатысты.

Сабақ барысында Қазақстанның Тәуелсіздік жолына дейінгі тарихи кезеңдері айтылып, сабақ өте қызықты өтті.

Ары қарай оқу >>

Тілдер және мәдениеттер фестивалі

04.12.2020

Дәстүр бойынша желтоқсан айының басында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында "Тілдер және мәдениеттер фестивалі" аясында Ашық есік күні өтеді. Биылғы жылы іс-шара кафедраның 35 жылдығына арналды және уақыт талабы бойынша онлайн форматта өткізілді. 

Ары қарай оқу >>