«Жастар және ислам: діндарлық, әлеуметтену және білім беру мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел

23.10.2014

Көрулер: 3747

Қазанның 23 жұлдызында Арабтану орталығы, арабтану және ирантану кафедрасы «Қазіргі Қазақстандағы ислам: діни қайта өркендеудің болмысы мен нәтижелері» жобасының аясында «Жастар және ислам: діндарлық, әлеуметтену және білім беру мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел келесі тақырыптар аясында өтті:

- жастар және исламдағы ағымдар;

- Қазақстандық контекстегі ислам: дәстүр әлде жаңару?

- діни сана-сезімді қалыптастырудағы масс-медианың рөлі;

- зайырлы қоғамдағы діни білім беру концепциясы;

- діндарлық ұғымы мен оның параметрлері.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: ғылым саласына танымал шығыстанушылар, атап айтқанда саясаттанушы Расул Жұмалы, дінтанушылар, философтар, филологтар, ҚМДБ-ның өкілі Алау Әділбаев, шетелдік эксперт Али Али Шаабан, сондай-ақ жас ғалымдар – магистранттар, докторанттар.