ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРАБ ЕЛДЕРІМЕН ТІЛ БІЛІМІ, ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ»

25.02.2013

Көрулер: 3938

Қала: Алматы

Өткізу уақыты: 03-04 сәуір, 2013 ж.

Ұйымдастырушылыр:

Мысыр Араб Республикасы елшілігі қарамағындағы Мысыр Мәдени Орталығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті

Коференция мақсаттары - Қазақстан мен араб әлемі арасындағы тарихи және мәдени қарым-қатынастарын анықтау. Әрі қазақ халқының араб халқы мұрасымен лингвистикалық аспектіде танысу және араб тілін Қазақстандық университеттерінде оқыту тәсілдерін тарату.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  1. Араб тілін оқытудағы өзекті мәселелер
  2. Қазақ және араб тілдері: салыстырмалы анализ
  3. Қазақстан халқы және араб әлемі арасындағы мәдени диалогы
  4. Қазақстан және араб елдерінің тарихи және қазіргі заманғы қарым-қатынастары

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, араб және ағылшын

Конференцияға қатысу үшін өтініштің, баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары электрондық поштамен kc-konf@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2013 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады: Қарасай батыр көшесі, 95, 4 қабат, 424 ауд. Ұйымдастыру жарнасы 3500 теңге. Жарна төмендегі есепшотқа төленіп, түбіртегі өтінішпен бірге жіберілуі қажет.

HSBKKZKX АО «НАРОДНЫЙ БАНК КАЗАХСТАНА», KZ4402577501988615. .

Түбіртекте «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы қарым-қатынасы» конференциясы деп көрсетілуі керек. Жол қаражаты мен қонақ үйді қатысушы өзі көтереді.

Тіркелу формасы:

  1. Аты-жөні
  2. Жұмыс орны, қызметі
  3. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
  4. Мақаланың тақырыбы
  5. Мекенжайы, байланыс телефоны, факс, е-mail
  6. Жарнасының төленуі жөнінде түбіртек
  7. Конференцияға қатысу түрі, қонақ үйден орын брондау

Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні 6 беттен аспайтын Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman шрифті, 14–кегль қолданылады. Жоларалық қашықтық –1, жан-жағынан қалдырылатын бос орын– 20 мм.

Әдебиеттер тізімі (References) Мемлекеттік стандартқа сәйкес нысанға толтырылуы тиіс. Ағылшын тілдегі емес әдебиеттер жалпы ортақ қабылданған ағылшын транслитерациясында берілуі тиіс. Мақала жазылған тілде аннотация (8-9 жол), соңында 2 тілде резюме берілуі тиіс. Араб тілінде жазылған мақалаларда аннотация қазақ немесе орыс тілдерінде жазылу керек. Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі және электронды нұсқасы бірге дискте немесе мына электрондық поштаға kc-konf@mail.ru жіберіледі (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі). Баяндама авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Мақаланы рәсімдеудің схематикалық үлгісі

Сатыбалдина Д.Д.*, Надирова Г.Е.**

*PhD докторант КазНУ имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан, Sarina-87@mail.ru

**Профессор КазНУ имени аль-Фараби, д.филол.н., Алматы, Казахстан

ИСТОЧНИКИ СЛОВАРНОГО СОСТАВА АРАБСКОГО ЯЗЫКА И ЯЗЫКОВАЯ КАРТИНА МИРА

Аннотация. В статье рассматриваются источники классических лексикографических словарей арабского языка и влияние, оказываемое лексическим составом арабского языка на языковую картину мира его носителей. Известно, что в процессе сбора лексического материала для лексикографических словарей в период создания классических филологических трудов, арабские исследователи широко использовали древнеарабскую поэзию, «живую речь» бедуинов, пословицы и легенды из их жизни. Классический словарный фонд арабского языка, таким образом, содержит значительный пласт лексики, отражающий бедуинский образ жизни. Данная статья рассматривает, каким образом этот факт отражается на современной языковой картине мира носителей арабского языка.

Ключевые слова: словарный состав, лексический состав, языковая картина мира, арабский язык.

ТЕКСТ СТАТЬИ

Список литературы

Сатыбалдина Д.Д., Надирова Г.Е. Араб тілінің сөздік қорының негіздері және әлемнің тілдік бейнесі

Мақалада араб тілінің сөздік қорының негіздері және сол сөздік қордың араб тілін иеленушілердің әлемнің тілдік бейнесіне тигізетін әсері қарастырылған.

Түйін сөздер: сөздік қор, әлемнің тілдік бейнесі, араб тілі.

Satybaldina D.D., Nadirova G.Y. Sources of the lexicon of the Arabic language and the language picture of the world

The article deals with the sources of the lexicon of the Arabic language and the impact which this lexicon has on the language picture of the world of its native speakers.

Key words: lexicon, the language picture of the world, the Arabic language.

Өткізілетін орны мен уақыты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің №5 ғимараты, Карасай батыр көшесі 95. Ашылу салтанаты Әл-Фараби даңғылы,71 мекенжайында орналасқан ректорат ғимаратының 15 қабатындағы университеттің Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында өтеді.

03 сәуір 2013 ж. 9:00 -ден 10:00-ға дейін қатысушыларды тіркеу

Конференцияның басталуы сағат 10.00

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефондар: +7 (727) 292 62 29, 292 40 94, 292 57 41, + 7 707 5005595 Е-mail: kc-konf@mail.ru немесе сuc_kz@yahoo.com