Шығыстанушы жас ғалым Ардақ Нұрғазымен қытайтану кафедрасының студенттерінің кездесуі өтті

01.11.2012

Көрулер: 4042

Кездесуді Абдырақын Нұрхалық ағай жүргізді. Кездесу барысында "Батыстықтардың Шығысты тануы" тақырыбында қызықты әрі тартымды лекция оқылды. Бұл лекция бізге, яғни болашақ шығыстанушыларға ерекше әсер беріп, батыстықтардың шығыс туралы түсінігінен мәлімет алуға мүмкіндік берді. Мұнда американдық ғалым Эдуард Цейттің "Мәдениет және отарлау" атты еңбегіне сүйене отырып әртүрлі ойлар қозғалды. Бұнда талқыланған мәселелер бәрімізге жаңа ой салды. Артынша сұрақ-жауапқа ұласқан бұл кездесу өте қызықты болды.