Шығыстану факультеті мен қытайтану кафедрасына ҚХР-дан делегация келді

13.09.2012

Көрулер: 3876

Шығыстану факультеті және қытайтану кафедрасына ресми сапармен Қытайдың Халықаралық алмасу бойынша Білім беру Ассоциациясының өкілдері келіп қайтты. Делегацияны Ассоциацияның Бас хатшысының меңгерушісі Лин Цзопин мырза бастап келді. Ресми сапардың басты мақсаты – ҚР білім беру жүйесімен танысу, қазақстандық ЖОО Ассоциацияның жыл сайын өткізілетін конференция мен көрмесіне қатысуға шақыру және студенттермен алмасу аясындағы болашақ ынтымақтастық туралы мәселені талқылау болды. Делегацияны үлкен ықыласпен шығыстану факультетінің деканы Джубатова Б.Н., қытайтану кафедрасының меңгерушісі Батпенова З.С. және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтының директоры Асылбеков Р.Ө. мырза қарсы алды. Факультет бойынша кішігірім экскурсиядан кейін қонақтар мәжіліс залында қытайтану кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен танысып, университет пен факультеттің қызметі туралы мәліметтермен таныстырылды. Делегация өкілдері өз кезегіне факультет басшылығын және оқытушыларды Ассоциацияның негізгі қызметімен және бүгінгі таңда жүзеге асырылып отырған бағдарламаларымен таныстырды. Екеуара ынтымақтастық мәселелерін талқылағаннан кейін, делегация мүшелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтын аралап көрді. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, университетіміз бен аталған ұйым арасындағы болашақтағы ынтымақтастыққа алғашқы қадам жасалды.