Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы Канафьева Шынар Ерланқызы форумға қатысуда.

30.01.2024

Көрулер: 220

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылғы 29 қаңтарда «Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форум ұйымдастырды. Форумға Қазақстанның ЖОО басшылары, мемлекеттік бақылау шараларына сарапшылар ретінде тартылатын жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды. Форумда  ҚР ҒжЖБ министрі Саясат Нұрбек, ҒЖБСҚК төрағасы Ә.Ж. Тойбаев  және т.б. білім саласының өкілдері білім сапасын қаматамасыз ету мәселелерін талқылады.  Форумға онлайн қатысқан EQAR Президенті Стефан Левик білім саласына қатысты пікірімен бөлісті.