"Ауызекі аударманың лингвокогнитивтік аспектілері" тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды

30.01.2024

Көрулер: 201

2024 жылдың 26 қаңтарында шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен "Ауызекі аударманың лингвокогнитивтік аспектілері" тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды. Аталмыш семинар арқылы қытайтану кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрылғанына 90 жыл толуына арналған іс-шаралар легін ашты.   Семинар жұмысына М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қытай филологиясы кафедрасы, Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінің шетел филологиясы факультеті,    Шыңжаң университеті, Пекин шет тілдер университеті, Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ және шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Ғылыми семинарды шығыстану факультетінің деканы Н. Б. Ем ашты. Өзінің сөзінде Наталья Борисовна университетіміздің зерттеу университеті ретінде имиджін  қалыптастыруда осындай іс-шараларды өткізудің аса маңыздылығын атап өтті.  Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінің шетел филологиясы факультетінің ғылым  жөніндегі орынбасары И.В. Коровина ханым сөз алып, университетімізді 90 жыл толуына жылдық мерейтойымен құттықтап,  өткелі отырған ғылыми семинарға сәттілік тіледі. Іс-шара қытайтану кафедрасының  профессоры м.а. Ф.Н. Дәулеттің жетекшілігімен, 2023-2024 оқу жылдарында оқу процесіне енгізген коллаборативті әдіс негізінде,  магистранттарға және докторанттарға оқитын "Практикалық риторика және ауызша аударма техникасы" және "Аударманы оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемесі" пәндері аясында ұйымдастырылды. Семинарда бас спикерлер ретінде  1-курс магистранттары А. Саденова және Б. Данкей сөз сөйледі. Коллаборативті әдістің мәні - түрлі жоғары оқу орны профессорлары, оқытушылыры, магистранттары,  докторанттары және жұмыс берушілермен бірлесе талқылаулары арқылы оқу процесін жандандыру, ғылыми кадрларды жан жан-жақты дайындауға үлес қосу. Халықаралық ғылыми семинардың негізгі бөлігінде іс-шараға қатысушылар ауызша аударманың лингвокогнитивтік аспектілерін және аударма қызметінің негізгі заңдылықтарын анықтауға қатысты практикалық мәселелерді талқылады Семинарға қатысушылар бұл секілді іс-шаралар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің зерттеу университеті ретіндегі мәртебесін нығайту жұмысына баға жетпес үлес қосатынын атап көрсетті.