Шығыстану факультетіндегі Ашық есік күні

29.01.2024

Көрулер: 199

2024 жылдың 24 қаңтарында Шығыстану факультетінде ашық есік күні өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен мүмкіндігінше көп мектеп оқушыларын тарту мақсатында бұл іс-шара Zoom платформасында өткізіліп, Қазақстанның оннан астам мектептерінен 150-дей оқушылар қатысты. Конференция факультетіміздің деканы Н.Б.Емның салтанатты сөзінен басталды. Әрі қарай әр кафедрадан факультет туралы презентация көрсетілді. 3-курс студенті Асқар Ақбота факультет құрылымы, факультеттегі оқытылатын Білім беру бағдарламалары туралы, 3-курс студенті Мичкасов Алексей факультеттің халықаралық байланыстары мен академиялық ұтқырлық туралы тартымды әңгімелеп берді. Факультет түлектері туралы 3 курс студенті Тағыбай Айсәуле баяндап берсе, ал студенттік декан Сагимбеков Абен бастаған белсенді студенттер студенттік өмір туралы презентация көрсетті. Қорытынды сөзді қытайтану кафедрасының доценті міндетін атқарушы Е.А. Керімбаев алып, конференция қатысушыларына шығыстану ғылымының қыр-сыры туралы танымдық баяндама жасады.

Шығыстану факультеті ұйымдастырған онлайн-кездесу жоғары деңгейде өтті. Мамандық таңдауда болашақ абитуриенттердің пайдасына жарайды деген үміттеміз.