«Ресей мен Қазақстанда қытай тілін шет тілі ретінде оқытудың тенденциялары мен перспективалары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті

19.01.2024

Көрулер: 212

 2024 жылы 18 қаңтарда Мордовияның Н.П. Огарев атындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінің ағылшын филологиясы кафедрасында «Ресей мен Қазақстанда қытай тілін шет тілі ретінде оқытудың тенденциялары мен перспективалары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ағылшын филологиясының кафедра меңгерушісі Свойкин Константин Бертольдович, сонымен қатар профессорлық-оқытушылар құрамы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы қатысты. Кездесуде Ресей мен Қазақстанда қытай тілін шет тілі ретінде оқытудың тенденциялары мен перспективалары және Мордовияның Н.П. Огарев атындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы жемісті ынтымақтастығы талқыланды.