"Бiздiң жаңа факультетiмiз"

19.02.2012

Көрулер: 5261

Қысқы сесестрді Шығыстану факультеті жаңа оқу ғимаратында бастады. Бұл ғимарат 2011 жылдың 29 желтоқсанында ашылды. Бұл біз үшін де және Халықаралық қатынасфакультетінің студенттері ұшін де қуанышты хабар болды.Себебі, енді екі факультет бір ғимаратта оқитын болды. Көптеген студенттердің айтуынша бірлесіп оқу достық қаарым-қатынасымызды одан әрі дамытуға, жақсартуға көмегін тигізеді. Біз бәріміз де жаңа ғимаратта оқуға асықтық. Бұрынғы корпусқа қарағанда жаңа корпус өте әдемі. Іші кең. Сонымен қатар, аудиториялар саны да өте көп. Яғни, бір сөзбен айтқанда, ыңғайлы оқу үрдісіне сай етіп жасалған. Ең бастысы - жаңадан салынған бұл корпус жатақханаға өте жақын. Жатақханада тұратын студентер үшін бұл өте қуанышты жағдай.

Шығыстану факультетінің студенттері атынан университет әкімшілігіне бізді осындай жаңа корпуспен қамтамасыз етіп және біздің жағдайымызды ойлағаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.