Кореяның Білім министрлігінің зерттеушілерімен бірге Қазақстанның қалаларында далалық бірлескен жұмыс жүргізді

08.10.2022

Көрулер: 713

2022 жылдың 4-6 қазаны аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасынан шақырылған профессор Ли Бён Джо Кореяның Білім министрлігінің зерттеушілерімен бірге Қазақстанның қалаларында (Алматы, Үштөбе, Қызылорда) далалық бірлескен жұмыс жүргізді. Бірлескен зерттеудің мақсаты Қазақстандағы антижапон патриоттарымен байланысты тарихи орындардың жай-күйін зерттеу, сондай-ақ мұрағаттар мен ұйымдардағы осы тұлғаларға қатысты құжаттарды анықтау болды. Профессор Ли Бён Джо корейлік зерттеушілермен бірлескен зерттеуде әдеби деректерді интерпретациялау мен түсіндіруде үлкен рөл атқарды және осының арқасында корейлік зерттеушілер тобы бірлескен зерттеуде біршама нәтижелерге қол жеткізді.