«Жаңа солтүстік аймақта корей тілін үйренудің жетістіктері мен мүмкіншіліктері» тақырыбы аясында ғылыми коференция өткізілді

28.10.2022

Көрулер: 1024

2022 ж. 27 қазан күні Корея Республикасы елшілігіндегі білім орталығында Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынасының орнауының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаңа солтүстік аймақта корей тілін үйренудің жетістіктері мен мүмкіншіліктері» тақырыбы аясында ғылыми коференция өтілді.

Іс-шараны Корея Республикасы елшілігіндегі білім орталығы ұйымдастырды, іс-шара Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей спикерлерінің қатысуымен онлайн және офлайн түрде өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо да спикер ретінде «Корей тілінің Қазақстанда таралуы және корей тілін бітірген түлектерді жұмыспен қамту жоспары» тақырыбындағы баяндамасымен шықты. Бұл баяндама іс-шара қатысушыларынан көп пікір алды.