Испаниядағы «Араб үйіне» сапар

01.11.2022

Көрулер: 979

 

Испанияның, атап айтқанда Андалусияның ислам және араб әлемімен діни, әдеби, ғылыми-философиялық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси байланысы тығыз болғаны тарихтан белгілі. Алайда аталған қарым-қатынас бүгінде мемлекеттік кейбір ресми ұйымдар мен мәдени ошақтардың деңгейінде ғана шектеледі. Солардың бірі - Мадрид және Кордоба қалаларында орналасқан "Араб үйі" (Casa Arabe) ұйымы. Бұл мекеме ежелгі Андалусияның бүгінгі араб әлемімен ғылыми-ағартушылық және мәдени-тарихи қатынасты сақтауға әрі дамытуға қызмет етіп отыр. 

Арабтану орталығының директоры Еркінбек Шоқай Испан еліне сапары барысында арнайы шақыртумен осы "Араб үйіне" зиярат жасады. Аталған мекеменің арабтанушылық бағытта жасап жатқан жобаларын көріп, арабтың тілі мен мәдениетін зерттеу және халыққа таныту мақсатында жүріп жатқан қызметімен танысты. Ұйымның шеңберінде Араб тілі орталығы мен Билқис кітапханасы жұмыс жасайды. Орталық испандық жастарға араб тілін оқытумен айналысады. Ал кітапханада өмірдің барлық саласына қатысты араб тілінде жазылған еңбектерді көруге болады. Мұндай еңбектердің көпшілігі Испанияда жазылып әрі басылып шыққан. Сонымен қатар ұйым және оның өкілдері араб тіліне және аударма саласына қатысты әлемдік деңгейдегі конкурстар мен приемияларға қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп отырады екен. Ұйымның жауаптысы Росарио Карраско Перез Орталық директорын жылы қабылдап, тарихи ғимаратты толығымен аралатып таныстырды. Мекеменің атынан шыққан араб тіліндегі кітаптарды ұсынды. Е.Шоқай да өз тарапынан Ұлттық университеттің белсенділіктері және "Арабтану " орталығының жұмыс бағыттары туралы әңгімеледі. Алдағы уақытта байланыста болуға және ортақ жобалар мен тиімді бағыттар бойынша әріптестік орнатуға уағдаласылды.

 

 

 

 

«Арабтану» орталығының директоры

Е.Шоқай