«ҚЫТАЙДЫҢ «ЖҰМСАҚ КҮШ» САЯСАТЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ ТІЛІНІҢ РӨЛІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

18.10.2022

Көрулер: 743

Дөңгелек үстелге қытайтану кафедрасының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар және студенттер қатысты. Дөңгелек үстел барысында қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан Қытайдың жаһандану жағыдайында әлемдік мәдени ықпалдастыққа белсенді қатысуы, оның халықаралық деңгейде жүргізіп отырған қытай тілі мен мәдениетін әлемге тарату саясаты туралы баяндады.  Сондай-ақ ол Қытайдың дүние жүзінің көптеген елдерінде құрып жатқан Конфуций институттарының мәніне тоқталып, оның қытай тілі мен мәдениетін әлемге таратудағы стратегиялық маңызын сараптады. Қытай тілі мен мәдениетінің әлемге тез таралуын Қытайдың әлеуметтік экономикасының дамуы және халықаралық қатынастардағы маңызының артуымен байланыстырып түсіндірді. Конфуций институттарының тек қытай тілі мен мәдениетін таратушы ғана емес, сонымен қатар қытай дипломатиясының «жұмсақ күш» миссиясын атқарып отырғанын, әлемде «қытай қаупі» күдігін сейілтіп, Қытайдың жаңа жағымды бейнесін қалыптастыруда атқарып отырған рөлі жайлы сауалдар қойылып,  жан - жақты талқыланды.