148-мектеп гимназия ұжымымен және оқушылармен кездесу

30.09.2022

Көрулер: 948

2022 жылдың 30-қыркүйек күні Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы Алматы қаласы Жетісу ауданы Құлагер ықшам ауданында орналасқан, 148-мектеп гимназия ұжымымен және оқушылармен кездесу өткізді. Керімбаев мектеп ұстаздарына, 9-10-11 сынып оқушыларына және ата-аналарға шығыстану мамандығы туралы «Шығысты оқы, таңырқа!» атты қызықты дәріс оқыды. Дәріс барысында шығыстану мамандығының шығу тарихы, бүгінгі жағдайы мен болашағы және факультетіміздің тарихы мен оқытылатын мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Ата-аналар мен жоғарғы сынып оқушылары факультетімізде оқытылатын мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар мен бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа орналасуына қатысты сұрақтар қойды. Ержан Әбдірайымұлы қойылған сұрақтарға жан-жақты тұшымды жауап берді.