Алматыда Махатма Гандиді еске алу күні өтеді

29.09.2022

Көрулер: 852

2 қазан күнін – 2007 жылы 27 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық күш қолданбау күні ретінде бекіткен.

М.Гандидің өмір жолы мен көшбасшылық ұстанымдары дүние жүзіндегі азаматтық құқықтар мен әлеуметтік өзгерістер үшін зорлық-зомбылықсыз қозғалыстарға үлгі болып табылады.

Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының үндістану бөлімінің оқытушылары мен студенттері, Үндістанның Алматыдағы консулдығының өкілдері, М.Ганди атындағы №92 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары, Алматыдағы үнді компанияларының өкілдері мен директорлары, сондай-ақ Үндістанның тарихына, мәдениетіне және философиясына қызығушылық танытатын адамдар қатысады.