Қытай тілін онлайн режимде оқытуға арналған халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті

03.04.2021

Көрулер: 1837

2021 жылдың 3 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы және Египеттің Айн Шамс университетінің ұйымдастыруымен «Пандемия жағдайында онлайн режимде қытай тілін оқыту» аттыхалықаралық дөңгелек үстел өтті. Онлайн режимде өткен бұл жиынға жоғарыда аталған ұжымдардан бөлек, Қазақ қытай тілі колледжі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Египеттің Айн Шамс университеті жанындағы Конфуций институттарының оқытушылары да қатысты. Отырыста бүгінгі бүкіл әлемді шарпыған індет жағдайында қытай тілін қашықтан оқыту мәселесі талқыланды. Кезектесіп сөз алған қытай тілі оқытушылары онлайн режимде оқытудың қиындықтары мен оларды жеңу жолдары жайлы өз тәжірибелерімен бөлісті. Қытайтану кафедрасының білікті оқытушылары Бұлбұл Матай, Құлпынай Дүйсенбай, Қарақат Дәлелқызы, Клара Мұқатай университетіміздегі қытай тілін оқыту ісінің тарихынан бастап, бүгінгі жағдайымен, үйірмелердің жұмысымен, онлайн жағдайындағы қытай тілін оқыту үдерісімен таныстырды. Әр баяндаманың соңы сұрақ-жауап пен талқыға ұласып отырды. Отырыстың нәтижесін қорытындылаған Айн Шамс университетінің профессоры Эсра ханым қытай тілі оқытушыларының бір-бірінен үйренері көп екенін, бүгінгі әлемде қалыптасқан жағдай мен уақытша қиындықтар бәрімізге ортақ екенін және оларды тек қана бірге еңсере алатынымызды айтты. Болашақта да университеттер арасындағы халықаралық байланыстар өз жалғасын табады деген сенімдеміз.