Шығыстану факультетінде көктемгі Наурыз және Холи мерекелері онлайн форматта аталып өтілді

29.03.2021

Көрулер: 2016

2021 жылы 29 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімі Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығының бірлесіуімен көктемгі Наурыз және Холи мерекелерін онлайын форматта атап өтті. Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығының директоры, Санджай Гарг мырза, Үндістанның сауда палатасының (InCham) президенті, доктор Сохел Мохаммад, сондай-ақ Қазақстанның үнді диаспорасының өкілдері іс-шара қонақтары болды. Аталмыш шараға деканның ғылыми, инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қ.Т. Габдуллин, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының үндітанушы ұстаздары Ерекешева Л.Г., З.Е.Искакова, Д.М. Кокеева, Д.Н. Таирова және басқалар қатысты. Көктемгі Наурыз және Холи мерекелерін атап өту барысында Үнді мәдени орталығы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетімен бірге әл-Фарабидің концерттік бағдарламасы, онда өлеңдер, ғазалдар, әндер, билер, сондай-ақ Наурыз - Холи тақырыбында презентациялар мен бейне материалдар көрсетілді. Бұл бағдарламаны ұйымдастыруға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып жатқан болашақ үндітанушы студенттер, Үндістанда түрлі мамандықтарда білім алған жастар, сонымен қатар Үндістанның әуесқойлары да қатысты. Үнді халқының ұлттық би өнерін режиссер әрі хореограф Зарина Ахметованың жетекшілігіндегі «Гангани Парампара» классикалық үнді би мектебінің оқушылары көрсетті.

 Наурыз және Холи мерекесіне арналған іс-шара онлайн форматта болғанына қарамастан, екі елдің көктемгі мерекелерінің қуаныш пен жылуын сезінуге үлкен мүмкіндік берді.