Мысырда «Екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі» атты халықаралық онлайн конференция өтті

15.03.2021

Көрулер: 2037

Әлемде Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атымен даңқы тараған, Қазақ даласынан шыққан данышпан ойшыл, Отырар перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту аясында Қазақстан Республикасының Каир қаласындағы Елшілігі ұйымдастыруымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Мысырдағы әл-Азхар университетінің Ислами зерттеулер академиясының атсалысуымен 2021 жылғы 15 наурызда Каирде «Екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі» атты онлайн халықаралық конференция болып өтті.

Танымдық тұрғыдағы тартымды видео-роликтен соң сөз алған конференция хатшысы, ислами зерттеу академиясының бас хатшысы А. Д. Назир Мухаммад Ғияд құттықтау тілектерін білдірді. Одан кейін Қазақстан Республикасының Бас Муфти Наурызбай қажы Тағанұлы сөз кезегін ала отырып, конференцияны ұйымдастыруға ұйытқы болған Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шарифке берілді. Біз биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығын кең көлемде, халықаралық деңгейде атап өттік. Әл-Фараби тек қазақ халқының ғана емес әлемдік деңгейдегі тұлға. Әл-Фараби бабамыз өмір бойы білім іздеген адам. Оны насихаттау әр адамның парызы деп ойлаймын. Әл-Фарабиді әлі де зерттеу қажет. Жылдар озса да, Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы ортайған емес, қайта жылдар өткен сайын толысып келеді. Бұл оның еңбектерінің  қайнар  бастаулары  гуманизмде  жатқандығын  аңғартады.Конференцияның ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев онлайн түрде видео құттықтау жолдады.

Құттықтау сөзде ҚазҰУ-дың Ректоры: «Біз Мысыр жерін тілге тиек еткенде ең алдымен Дешті Қыпшақтан шыққан даңқты бабамыз Сұлтан әз-Заһир Бейбарысты еске түсіреміз.Сұлтан Бейбарыстың Мысыр мен Шам жерін жаудан қорғап қана қоймай, Мәмлүктер билігін орнатқанын, мемлекет басқарып, ғылым мен білімді дамытуға үлес қосқанын  үлгі етеміз. 30 жыл бұрын араб елдерінің ішінде Мысыр – Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған мемлекет. 1992 жылдан екі ел арасында дипломатиялық, экономикалық, мәдениет және әлеуметтік салада байланыстар күн сайын артып келеді.Қазіргі сәтте оқу ағарту, ғылым-білім саласындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге, ынтымақтастығымызды нығайтуға ынталымыз»,-деді. Сөз соңында: «Бүгінгі конференция қазақ және мысыр халқы арасындағы достық пен әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілуіне серпін береді деген сенімдемін» аяқтады. Конференцияның ашылуы салтанатына әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің белгілі фарабитанушы ғалымдары қатысты. Конференция бүгін секция түрінде жалғасады.