Қиыр Шығыс кафедрасында маңызды іс-шара өткізілді

12-қар-19

Көрулер: 1884

2019 жылдың 4 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңес мәжілісінде Сеул қаласының “Цой Дже Хён атындағы Мемориалдық ассоциациясының” шәкіртақы тапсыру рәсімі болып өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің жеті студенті 100,000 теңгелік(700,000 теңге) шәкіртақысына ие болды. “Цой Дже Хён атындағы Мемориалдық ассоциациясы” 2000$-мен қаржыландырып қолдау көрсететін шәкіртақы тапсыруы жыл сайын өтетін болады. Шәкіртақы арқылы студенттер ХХ ғасырдың басында Корей түбегінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Ресейдің Қиыр Шығысында антияподық қозғалыспен айналысқан Цой Дже Хённің рухы мен өмірімен танысуға жақсы мүмкіншілік алды. Осы секілді іс-шаралардың ұйымдастырылуы келешектегі Қиыр Шығыс кафедрасының Цой Дже Хён атындағы Мемориалды ассоциациясымен серіктестігіне септігін тигізбек. Сондай-ақ студенттердің корейтануға қызығушылығын арттырады, әрі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының дамуына өзінің зор үлесін қосады. Шәкіртақы алушы студенттерімізді шын жүректен құттықтай отырып оларға өзінің білімі мен болашағына кәміл сенетін жоғары білікті маман болуына тілектеспіз!