Ашық есік күні

13.04.2019

Көрулер: 1688

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде ашық есік күні өтті. Іс-араның мақсаты - Алматы қаласының оқушыларын Шығыстану факультетінің кафедраларымен таныстыру, қабылдау туралы, факультетте білім алу ерекшеліктері туралытолық ақпарат беру. Іс-шараға Алматы қаласының орта мектептерінің, гимназиялар мен лицейлердің оқушылары қатысты. Жапония, Корея, Үндістан, Түркия және Қытайдың ұлттық киімдерін киген бірінші курс студенттері мектеп оқушыларын қарсы алды. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жетекшілері студенттерге Шығыстану факультетінің әр бөлімінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Мектеп оқушылары факультет мұражайына, оқу залына және аудиторияларын аралады. Барлық қызығушылық танытқан студенттерге буклеттер берілді. Әрбір студент өз сұрағына жауап ала алды. Іс-шараның ресми бөлігінде деканның орынбасары Қанафиева Ш. кіріспе сөз сөйледі. Содан кейін әр кафедраның тілдік спикерлері «Шығыс тілін оқытудың артықшылығы қандай?» тақырыбында баяндама жасады.
Қиыр Шығыстың «Ашық есік күніне» орай «Жапонтану бойынша мастер-класс» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның басында Жапонтану кафедрасының бірінші курс магистранты және екінші курс студенті студенттерге Жапониядағы оқу тәжірибесі туралы айтып берді. Содан кейін бірінші курс студенттері жапон тілінде мастер-класс өткізіп, оқушыларға жапон тілінде сәлемдесу сөздерін үйретіп берді. Іс-шара соңында бірінші курс студенттері оқушыларға оригами жасауды үйретті.
Жалпы, жыл сайынғы «Ашық есік күні» сәтті болды, бұл мектеп оқушыларының белсенді қатысуымен және шығыс тілдерін үйренуге қызығушылық танытуымен дәлелденді.