«Бір белдеу - бір жол» және «Нұрлы жол» жобаларының тұжырымдамасы мен практикасы »атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

04.05.2019

Көрулер: 2346

2019 жылдың 3-4 мамыр күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ««Бір жол-бір белдеу» және «Нұрлы жол» жобаларының концепциясы мен практикасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция ҚХРдың Ухань университетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты демеушілік көмек көрсетті.

3 мамыр күні әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананың 409 конференц-залында конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары болды. Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы Ы.М.Палтөренің құттықтау сөзімен ашылды. Кейін өз лебіздері мен пікірлерін «Қазіргі Қытайды зерттеу орталығының» директоры профессор Н.Мұқаметханұлы мен шетелдік ғалым – Айдын университетінің профессоры (Түркия) Рагип Кутай Қаража білдірді. Конференцияда республикамыздың жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары бас қосып, конференция тақырыбы бойынша кең талқылау өткізді.

4 мамыр күні конференция қатысушылары мен қонақтарына ҚазҰУ қалашығы мен Алматы қаласының көрікті орындары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Конференция қатысушыларының мақалалары жинақ ретінде жарық көрді.