Шығыстану факультетінде Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы күштері, Мемлекттік қызметкерлері және достастық елдердің әскери делегациясымен кездесу өтті

19.04.2019

Көрулер: 2279

2019 жылғы 16 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Пәкістан Қарулы күштерінің авиация коммодоры Zaeem Afzal бастаған делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында Пәкістанның Қарулы күштерінің, Мемлекеттік қызметтегі және достастық мемлекеттерден құралған 20 офицер, сондай-ақ Қазақстандағы Пәкістан елшілігінің коммерциялық кеңесшісі Basit Saleem Shah мырза болды.

Қазақстанның саясаткерлерімен, әскери, ғылыми ортамен, зиялы қауыммен және аналитикалық орталықтарымен кең көлемде ауқымды мәселелерді талқылау сапардың мақсаты негізгі мақсаты болып табылады. Университет тарапынан пәкістандық делегацияны Бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев, шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре, шығыстану факультеті мен халықаралық қатынастар факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қарсы алды. Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістанның жоғары оқу орындары, академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды. Профессор Г.Е. Надирова Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының жүйесі бойынша, халықаралық қатынастар факультетінің магистранты Моргуова Елена Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі Болон Декларациясы туралы баяндама жасады, ал докторант Оспан Назым Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тарихи байланыстарға тоқталды. Қонақтар үшін шығыстану факультетінде урду бөлімінің ашылғаны, студенттердің урду тілін аз ғана уақыттың ішінде өте жақсы меңгергендігі тосын сый болды. Өзі меңгеріп жатқан тілдің азаматтарымен кездесу, олармен тіл табысу, әсіресе 1 курс студенттері үшін жақсы әсер қалдырды.