Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Лайықты марапат

21.12.2022

Жақында Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің белді оқытушысы Самал Боранқұлова Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) бірегей жобасы ретінде 2002 жылы Нархоз университетінде ашылған Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының (KJC) 20 жылдық мерейтойына арнайы шақыртумен қатысып, алғыс хат иеленіп қайтты.   

Ары қарай оқу >>

«Қытай тілінен синхронды аударудың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

15.12.2022

14 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «Аударма ісі» мамандығының 1 курс докторанты Шарыпова Анар «Қытай тілінен синхронды аударудың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Біріккен Араб Әмірліктері Мәдени дипломатия институтының Мұхаммед Камил әл-Мугини бастаған делегациясымен кездесу

14.12.2022

2022 жылдың 12-13 желтоқсан күндері Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен эдвайзерлері Жумажанова Ф.Т., Мустафаева А.А., Жиекбаева А.Б., Мамедова Ф.З., Хаван А., Калиева Ш.С., Хаван А., Калиева Ш.С., Джубатова Б.Н. А.Қ.Ахметбекова, А.Е.Жұмаділова және бакалавриат студенттері Біріккен Араб Әмірліктерінің Мәдени дипломатия істері  бойынша институтынан келген Мұхаммед Камил әл-Муғини бастаған делегацияның Халықаралық араб тілі күніне арналған кездесуін өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Ресейлік ғалым екі апталық дәріс курсын өткізді

13.12.2022

2022 жылдың 17 мен 26 қарашасы аралығында  Н.П.Огарев атындағы Мордова мемлекеттік университетінің (Ресей федерациясы, Саранск қ.) ағылшын филологиясы кафедрасының доценті, шет тілдер факультеті деканының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары Ирина Валерьевна Коровина "Параметры культурных различий и их влияния на межкультурную коммуникацию" атты тақырыпта 2 апталық лециялар курсын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ph.D Оразақынқызы Ф. Халықаралық ғылыми конференцияда баяндама жасады

12.12.2022

2022 жылдың 10 желтоқсанында шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының доценті, Ph.D Оразақынқызы Фарида Ухань қаласындағы Орталық қытай университетінде өткен «2022 Chinese Culture Communication Forum» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысып «Қазақстандағы қытай тілін оқыту әдістері мен дағдылары» тақырыбында баяндама жасады. 

Ары қарай оқу >>