Ректорлар


Оликов Федот Трофимович (1893-1974)

 

Ф.Т.Оликов – доцент, 1927-1934 жж. ҚазССР Халық ағарту комиссары халық комитетінің орынбасары қызметін атқарды.

1934-1940 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің ректоры болды.

Лукьянец Иван Куприянович (1902-1994)

 

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

БКП(б) Орталық комитетінің жолдамасымен Қазақстанға келіп, Жоғары мектептің негізін қалауда белсенді үлес қосты.

1940-1947 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің ректоры болды.


Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы (1910-1964) 

 

Мемлекет және қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР ҒА-ның академигі.

1938-1941 жж. Т.Т.Тәжібаев – ҚазССР Халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары, кейін Халық комиссары қызметтерін атқарды.

1947-1953 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің ректоры болды.


Закарин Асқар Закарияұлы (1908-1990) 

 

 Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚазақССР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қайраткер.

1955 жылы А.З.Закарин ҚазССР оқу Министрі болып тағайындалса, 1958 жылы – Қазақ ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары қызметін атқарды.

1953-1955 жж. және 1961-1970 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің ректоры болды.

Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы (1910-1987) 

 

Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

1955-1961 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің ректоры болды.

Жолдасбеков Өмірбек Арсланұлы (1931-1999)

 

 Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженерлік академиясының академигі, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

1970-1986 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің ректоры болды.


 

Ерғожин Еділ Ерғожаұлы (1941 т.ж.)

 

 Химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚазССР Мемлекттік сыйлығының иегері.

 

1986-1988 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің ректоры болды.

 

 

Әбділдин Мейрхан Мүбәрәкұлы (1938 т.ж.) 

 

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі.

1988-1991 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің ректоры болды.


 

Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы (1938 т.ж.)

 

Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның акажемигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.

1976-1983 жж. ҚазССР жоғары және орта білім беру министрінің орынбасары, 1983-1987 жж. Министрлік қызметтер атқарды.

1991-2001 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттінің ректоры болды.

 

 

Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы (1946 т.ж.)

 

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.

2001-2008 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттінің ректоры болды.

 

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы (1953 т.ж.)

 

Белгілі мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, көрнекті оқымысты – математик, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженерлік академиясының академигі, ҚР ҰҒА-ның академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

Б.Т.Жұмағұлов 2001 жылы ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің бірінші Вице-Министрі, ҚР Үкіметі және ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс атқарса, 2005 жылдан – «Отан» республикалық саяси партиясының төрағасы қызметін уақытша атқарушы қызметін атқарды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2008 жылдың 21 сәуірінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

 

МұтановҒалымқайыр Мұтанұлы (1957 ж.т.)

 

Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚРеңбек сіңіргенғылым және техникақайраткері, ҚР-ныңеңбек сіңіргенспортқайраткері, Шығыс жекпе-жек күресі қауымдастығыныңвице-президенті.

1998 ж. «Қазақстан Республикасыныңқұрметті білім және ғылым қайраткері» атағына ие болды.

2002-2003 жж.Ғ.МұтановҚР-ның білім жәнеғылым бірінші Вице-Министрі лауазымында жұмыс істеді.

2003-2010 жж. – Д.Серікбаев атындағы ШығысҚазақстан мемлекеттік техникалықуниверситетініңректоры болып тағайындалды.

2010 ж.7қазанынан Мемлекет басшысының Өкімімен Ғ.М.Мұтанов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.


 

ТҮЙМЕБАЕВ Жансейіт Қансейітұлы ( 1958 ж.т. )

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші. 

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.

Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы, ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, ҚР Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы, ҚР Президенті протоколының жетекшісі, ҚР Президенті протоколының жетекшісі - ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Білім және ғылым министрі, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті Елшісі, Оңтүстік Қазақстан облысының, Түркістан облысының әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы лауазымдарын атқарған.

 10 ақпаннан 2021 ж. -  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры