Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы

Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы (1910-1987 жж.)

Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

1936 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1941 жылы КСРО ҒА биохимия Институтының аспирантурасын бітірген.

С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де ботаника кафедрасында ассистент (1938 ж. дейін), 1943 жылы оқу ісі жөніндегі проректор, 1946 жылы биохимия және өсімдіктер физиологиясы мамандықтары бойынша өсімдіктер физиологиясы кафедрасын құрып, сонымен қатар, 25 жыл бойы микробиология кафедрасының меңгерушісі болды.

1955-1961 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетте ректорлық қызмет атқарды.

Т.Б.Дарқанбаев соғыстан кейінгі жылдары университеттің қалыптасуына көптеген еңбек сіңірді.

1956-1957 оқу жылдары аралығында университетте көптеген шет мемлекеттен студенттер білім ала бастады.

1965 жылы Т.Б.Дарқанбаев университетте өсімдіктердің биохимиялық заталмасу мәселелері лабораториясын ашып, 1968 жылы ҚазССР ҒА-ның ботаника Институтында ақуыз және нуклеин қышқылдары лабораториясын, 1973 жылы сол институтта дәнді дақылдар мәдениетінің биохимиясы лабораториясын құрды.