Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы

Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы (1946 ж.т.)

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, ҚР ҒА-ның құрметті академигі.

1962 ж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің физика факультетіне оқуға түседі.

1988 жылдың наурыз айында Т.А.Қожамқұлов І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің ректоры болып тағайындалып, тікелей жетекшілігімен университетті І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне ауыстырды.

1970-1998 жылдар аралығында Т.А.Қожамқұлов физика факультетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, факультет деканы, Ғылыми зерттеу институтының директоры болып қызмет атқарды.

1990-1991 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де елімізде ең алғаш рет ЖОО-да құрылған тәжірибелік және теориялық физика Ғылыми-зерттеу институтын ашып, сонда тұңғыш директоры болып қызмет атқарады.

1994 жылы Т.А.Қожамқұлов Халықаралық жоғары мектеп Академиясының толық мүшесі болып сайланады. Қазақстандағы жоғары мектеп Академиясының бөлімшесі болып табылатын Қазақстанның жоғары мектеп Академиясының Президиум мүшесі мен Вице-президенті. Осы Академияны құруға деген өзінің зор үлесін қосқан бастаушылардың бірі болған.

2001-2008 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттінің ректоры. 2003 жылдың 16 қыркүйек айында Т.А.Қожамқұлов Қазақ Ұлттық Университетінің атынан Болонья қ. (Италия) Университеттердің ең маңызды Хартиясына қол қойды.

2008 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті ректорының кеңесшісі.