Жолдасбеков Өмірбек Арсланұлы

Жолдасбеков Өмірбек Арсланұлы (1931-1999)

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚР Инженерлік академияның академигі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

1954 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «механика» мамандығы бойынша бітірген.

ҚазХТИ-де 1954-1958 жылдар аралығында оқытушы, аға оқытушы 1958-1961 жж. Мәскеу тоқыма институтында механизмдер, құрылғылар және машиналар теориясы кафедрасының аспиранты болды.

1961-1962 жж. – Мәскеу тоқыма институтының механизмдер, құрылғылар және машиналар теориясы кафедрасында оқытушы болып қызмет етті.

1962-1970 жж. – В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-де автоматика және есептеу техникалары факультетінің деканы, ғылыми жұмыстар бойынша проректор болған.

1970-1986 жж – С.М.Киров атындағы жылдары Қазақ мемлекеттік университетте ректорлық қызмет атқарып, ҚазМУ-нің қолданбалы механика кафедрасының мегерушісі болды.

1986 жылдан бастап, ҚазМУ-нің қолданбалы механика кафедрасының меңгерушісі болды.

1988 жылы бастап, бөлім жетекшісі, ҚазССР ҒА-ның математика және механика Институты лабораториясының меңгерушісі болып қызмет етті. 1991 жылдан бастап, ҚазССР ҒА-ның механика және машинажасау Институтының директоры болды. 1994-1995 жж. ҚР Жоғары Кеңесінің білім беру және жаңа технологиялар, ғылым бойынша Комитетінің преседателі, депутаттық қызметтер атқарды. Сонымен қатар, ҚР-ның ғылым және техника бойынша Жоғары кеңес беру кеңесі председателінің орынбасары болды.

1991 жылдан бастап, Мәскеу қаласындағы Халықаралық академиясының академигі мен бірінші вице-президенті. 1992-1994 жж. аралығында ҚР Инженерлік академиясының академигі мен президенті болды. Пакистанның Инженерлік академиясының құрметті академигі. Ислам елдерінің инженерлік академиялары Федерациясының вице-президенті. АҚШ-ның инженер-механиктер Қауымдастығының толық мүшесі болды.