Оликов Федот Трафимович

Оликов Федот Трофимович (1893-1974)

Ф.Т.Оликов 1914 жылы Ташкент мұғалімдер семинариясынан кейін халық мұғалімі болып жұмыс істеді. 1919 жылы Ташкент Шығыс институтын аяқтады. 1927-1934 жылдар аралығында ҚазҚСР Халық ағарту комиссарының орынбасары қызметін атқарды.

1934-1940 жж.аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бірінші ректоры болып тағайындалды.

Ф.Т.Оликовтың ҚазМУ-нің даму тарихына қосқан ең маңызды үлесі -1938 жылы аспирантура мен биология, физико-математика және химия ғылымдарының кандидаты мен докторы дәрежесін тағайындайтын Ғылыми Кеңесті ашуы. Ғылыми Кеңестің төрағасы Ф.Т.Оликов болды. Университет қызметкерлері Қазақстандағы шөлдерді зерттейтін ғылыми орталықтарының түрлі кешенді экспедицияларға қатысты..

1938 жылы Ф.Т.Оликов зерттеу орталығының жетекші орнын Қазақстанға көшіру туралы бастама көтерді.

1941 жылы жұмысшы-шаруа Қызыл армиясының (РККА) қатарына шақырылды.