Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы (1953 ж.т.)

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университінің механика және қолданбалы математика факультетін (1979) «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген.

1979-1991 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде қарапайым ассистенттен профессор, кафедра меңгерушісі және проректорға дейін қызметтер атқарған.

1991 ж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Президенті.

2001-2005 жж. - ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі. 2002 ж. - ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-министр Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.

2002 ж. - «Отан» партиясының Орталық аппарат жетекшісінің орынбасары. 2005 ж. - «Отан» партиясының төрағасы. 2005 ж. - ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі.

2007 ж. Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары. 2007ж. тамызынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты- төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі.

2008-2010 жж. - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің ректоры.

2009 ж. мамырында Дамаск қ. (Сирия) өткен басты Ассамблеяның X мерейтойлық отырысында, Ислам елдері инженерлік академиялары федерациясының (FЕІІС) бірінші вице-президенті болып тағайындалды.

2009 ж. шілдесінде Түрік әлемі математикалық қоғамының президенті болып сайланды.(Алматы қ.)

2010 жылдың 22 қыркүйегінен бері – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі.