Лукьянец Иван Куприянович

Лукьянец Иван Куприянович (1902-1994)

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

1930 жылы жедел түрде Мәскеу қаласындағы коммунисттік тәрбие Академиясын, 1932 жылы Н.К.Крупская атындағы коммунисттік тәрбие Академиясының аспирантурасын тамамдайды. БКП(б) Орталық комитетінің жолдамасымен Қазақстанға келіп, Жоғары мектептің негізін қалауда белсенді үлес қосты.

1940-1947 жылдары С.М.Киров атындағы Казақ мемлекеттік университетінде ректорлық қызмет атқарды.

Қорғаныс және шаруашылық тапсырмаларын орындау барысында, И.К.Лукьянецтің басқаруымен университет тез арада қысқа уақыт мерзімде білім беру бағдарламасына көшті. Ол әрқашан жоғары білікті мамандарды дайындап шығаруда қамқоршы болды.

1941-1945 жж. университетте атқарылатын бүкіл жұмыс мемлекеттің қорғанысына бағытталған болатын. Кафедрада халықтық-шаруашылықта зор маңыздылығы бар 74 тақырыптағы жетілдіру жұмыстары дамытылды.