Закарин Асқар Закарұлы

Закарин Асқар Закарұлы (1908-1990)

Физико-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚазССР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қайраткер.

1937 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механико-математика факультетін бітірген.

1953-1955 жж. және 1970-1981 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жоғары геометрия кафедрасын басқарады.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ректорлық қызметке екі рет тағайындалған (1953-1955, 1961-1970).

А.З.Закариннің басшылығымен 1961 жылы М.О.Әуезов атындағы студенттік әдеби бірлестік құрылады. 1967 жылы жоғары оқу орындары оқытушылары үшін біліктілікті жоғарлату кафедрасы, 1968 жылы философия-экономика факультеті құрылады. Студент жастарды интернационалдық рухта тәрбиелеу жұмыстары зор табыстарға жетіп отырды.

Университетке жиырмадан астам шетелдік делегациялар ресми іс-сапармен келсе, университеттің студенттері мен оқытушылары әлемнің 36 елдеріне сапар шекті.

Университетте көркем-өнерпаз үйірмелері, 1963 жылы алғашқы студенттер құрылыс жасағы құрылды. 1965 жылы ҚазМУ-да құрылған «Семи Муз» қоғамы Алматы қаласындағы студенттер арасында беделге ие болды.