Ерғожин Еділ Ерғожаұлы
Ерғожин Еділ Ерғожаұлы (1941 ж.т.)
Химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА-ның академигі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. 1963 жылы ҚазМУ-нің химия факультетін үздік белгімен аяқтап шығады. 1980-1988 жж. – кафедра меңгерушісі, 1980-1983 жж. – химия факультетінің деканы, 1983-1986 жж. – бірінші проректор. 1986-1988 жж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетте ректорлық қызмет атқарды. 1988 жыллан бастап, қазіргі күнге дейін ҚР білім және ғылым министрлігі (МОН) химия ғылымдары Институтының директоры. 1994-1995 жж. – ҚР ҰҒА-ның вице-президенті, 1999-2002 жж. – ҚР-ның білім және ғылым вице-министрі. 1983 жылы ҚазССР ҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланып, 1989 жылы – ҚазССР ҒА толық мүшесі, академигі болады. Дүниежүзіне аты шыққан Қазақстандағы химия бойынша иондық алмасу мен мембранды технологиялары мектебінің негізін қалаушы және 1976 жылы Қазақстанның құрметті Алтын кітабына енген болатын. 1986-1990 жж. ҚазССР Жоғары Кеңесінің депутаты мен ғылым және техника комиссиясының тұрақты төрағасы болып сайланған. |