Жаңалықтар

Факультет оқытушыларының ғылыми іс-шараларға қатысуы

29.03.2021

24 ақпан, 2021 факультеттің оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мырзабекова Р.С. және тарих ғылымдарының кандидаты Удербаева С.К. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен «Мәдени-тарихи парадигма: Еуразиялық кеңістік және Қазақстан» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық нетворкинге қатысты.

Ары қарай оқу >>

Оқу-әдістемелік бірлестік отырысына қатысу

29.03.2021

2021 жылдың 12 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-де ОӘБ кезектен тыс кеңейтілген онлайн-отырысы өтті, онда мектеп оқушылары арасында білім сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері талқыланды. 

Ары қарай оқу >>

Факультет оқытушыларының ғылыми іс-шараларға қатысуы

29.03.2021

2021 жылы 24 ақпанда факультет оқытушылары, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.А. Жакишева және тарих ғылымдарының кандидаты С.К. Удербаева тарих, археология және этнология институты ұйымдастырған ғылыми семинарға қатысты. 

Ары қарай оқу >>

"Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінде Археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды

19.03.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің сапар орталығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды.

Ары қарай оқу >>

«Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру»

17.03.2021

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында өткен тарихты білу мен одан сабақ алудың маңыздылығына жоғары мән беруі – оның тұғыры биік тәуелсіз және дамыған мемлекетті қалыптастырудың негізі екендігін көрсетеді. Осы орайда «17 наурыз – Тарихқа тағзым күнінің» белгіленуі тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін зерттеп қана қоймай, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және әрқашан есте сақтап, насихаттау арқылы Қазақстандық патриотизм мен тарихи жадыны қалыптастыруда маңызды болып табылады.

Аталған күні, жыл басы – әз Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа концепциясына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінде «Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру» атты онлайн форматтағы республикалық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру»

11.03.2021

                                                                  ПРЕСС-РЕЛИЗ

  17 наурыз 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті Наурыз мерекесін жаңаша атап өту концепциясына сәйкес «Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру» атты онлайн форматтағы республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

 

Ары қарай оқу >>

Жас ғалымдардың Еуразиялық мектебі -2021!

10.03.2021

Құрметті студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Орал Федералды Университетінің Орал гуманитарлық институты Қорған мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, 3-4 курс бакалаврлары мен университетің магистранттарын жас ғалымдардың Еуразиялық мектебіне қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру

09.02.2021

Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Удербаева Сәуле Кәрібайқызы 2021 жылдың 11-15 қаңтары аралығында Нархоз Университеті жанындағы Халықаралық білім берудің қысқы мектебіне қатысып, сертификат алды. Мектептің ұйымдастырушысы: «Нархоз Университеті» Ғылыми-зерттеу бөлімі. Мектеп спикерлері: Айгерим Раимжанова, Penny Mosavian, Miriam Schwiening, Ирина Александрова, Anjan Gosh, Инеш Кенжина, Әсет Кусаин, Дмитрий Ким, Нурахмет Айтенов, Рабига Кожамкул, Иван Зуенко және т.б.

Ары қарай оқу >>

«Жамбылдың ұстазы Ер Сарыбай би Айдосұлы»

21.01.2021

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЮНЕСКО жанындағы «Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы» 2021 жылы         5 ақпанда Сарыбай би Айдосұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Жамбылдың ұстазы Ер Сарыбай би Айдосұлы» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

 

Ары қарай оқу >>

«Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері»

18.01.2021

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы 2021 жылы 29 қаңтарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Ары қарай оқу >>