Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов жаңа қызметке сайланды!

09.12.2020

Көрулер: 1724

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетінің 1987 жылғы түлегі, 1991-1993 жылдары аталған университеттің аспиранты Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына сайланды.

  Университетіміздің беделіне айналған Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов осының алдында Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған болатын. Әр жылдары ол ҚР СІМ Азия елдеру басқармасының үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдеру басқармасының бастығы;ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары; ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы – 4-ші департамент директорының орынбасары;ҚР СІМ 3-ші департаментінің директоры; ҚР СІМ Екіжақты қатынастар департаментінің директоры;ҚР Сыртқы істер вице-министрі;Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі;Қазақстан Республикасының Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі;ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі;Қазақстан Республикасының Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі; ҚР Сыртқы істер министрі сынды жауапкершілікті лауазымдарды бір кісідей лайықты атқара білді.

  Бүгінде еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында аянбай қызмет етіп жүрген  Қайрат Құдайбергенұлын ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымымен құттықтай отырып,  өзіңіз білім алған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультетінің кез келген бастамасына қолдау көрсетіп жүргеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Осындай биік белестерді бағындырған әріптесімізге ғылым мен білімнің қара шаңырағы ҚазҰУ-дың атынан зор денсаулық, қызметтік табыс тілейміз!