Әл-Фарабидің 1150 жылдық меретойына арналған 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

2020 жылдың 12 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Әл-Фарабидің 1150 меретойына арналған «БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. "Білім беруді цифрландыру – жаңа білімді игеруге жол" атты колледж секциясының жұмысына колледждің 13 оқытушысы қатысты.

Секция жұмысы барысында модератор спикерлерді таныстырып, сөз сөйлегеннен кейін белсенді талқылау өткізіліп, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Оқытушылар барлық баяндамаларды қызығушылықпен тыңдады. Олар баяндамалардың өзекті, ақпараттық және пайдалы екендігін дәлелдеген сұрақтар қойды. Барлық баяндамалар мультимедиалық презентациялармен сүйемелденді, олардың мазмұны баяндамалардың негізгі ережелерін көрсетті.

Сондай-ақ, білім беру жүйесінің сандық өзгеру үрдісі контекстінде қойылған сұрақтарға ұсыныстар енгізілді. "Цифрлық мектеп"сияқты жобалар талқыланды. Біздің ойымызша, колледжде оқытудың жаңа сандық технологияларды қолдануға бағытталуы тиіс.





Басылым күні :  24.02.2020