"SANALY URPAQ" СТУДЕНТТІК КЛУБЫ

 

  • 2018-2020 жылдарға арналған "Саналы ұрпақ" жобасының миссиясы: сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұруға бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастар
  • Жобаның мақсаты-білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамау ортасын қалыптастыру

 

 

 

КЛУБ КҮНДЕРІ 

 

14.03.2018 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында куратор сағаттары өткізілді.

 

21.11.2018 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі заманауи үрдістер» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында майор Р.Р. Суханбердин прокуратурадан басқа органдарға сыбайлас жемқорлықпен күресуге өкілеттігі бар адамдар туралы айтып берді, сондай-ақ прокуратура мен басқа да мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін түсіндірді. Сондай-ақ, майор  Р.Р.Суханбердин студенттерді, яғни, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, біздің мемлекетімізді жемқорлыққа жол бермеуіне шақырды, сыбайлас жемқорлықты анықтау немесе күдік туған жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. 

2021-2022 оқу жылы

"Саналы Ұрпақ" еріктілер клубының көшбасшылық дәрісі

 

16.11.2021 жылдан бастап 12. сағат 13.00-ге дейін "саналы Ұрпақ" клубының көшбасшылары мен мүшелері 1-3 курс оқушыларына "сыбайлас жемқорлықтан тыс Колледж" тақырыбында іс-шара өткізді.

Көшбасшылар колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша баяндамалармен және жадынамалармен сөз сөйледі. Көшбасшылар білім алушыларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне көмектескені үшін құқықтық жауапкершілік дәрежесі туралы таныстырды. Сондай-ақ, парақорлық пен пара беру тарихы туралы айтып берді.

Іс-шара соңында клуб мүшелері білім алушыларға келесі сұрақтарды қойды:

1. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған кезде қайда жүгіну керектігін білесіз бе?

2. Біздің колледжде жемқорлық бар ма?

3. Сіз сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жүгіндіңіз бе?

4. Біздің мемлекетте сыбайлас жемқорлықты жоюға бола ма?

Барлық қойылған сұрақтарға студенттер көшбасшылары белсенді жауап берді.

Қорытындылай келе, мүшелер сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен олардың салдары туралы бейнеролик көрсетті. "Әр әрекеттің өзіндік салдары бар!»