Талапкер бұрышы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ КОЛЛЕДЖІ ШАҚЫРАДЫ (1).mp4  


Қабылдау комиссиясы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына сәйкес колледжге құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру мақсатында құрылады.

БжҒ Мин № 578 бұйрық от 18 декабря 2018г.«ТжКББ о

Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген білім беру саласындағы азаматтардың құқықтарының сақталуын, қабылдау комиссиясы жұмысының жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қабылдау комиссиясы техникалық және кәсіптік білім алу үшін колледжге азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру үшін құрылады.

Колледж білім алушыларының контингентін қалыптастыру мақсатында қабылдау комиссиясы:

  • Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу, қабылдауға дайындық стратегиясын әзірлейді және тактикасын айқындайды.
  • Жастарды кәсіптік бағдарлауға жауапты колледждің барлық органдары мен бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
  • Құжаттарды қабылдауды ұйымдастырады.

Колледждегі білім беру қызметі Мемлекеттік лицензия негізінде төмендегі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

 

реті

Мамандық

Оқытудың нормативтік мерзімі

 

Негізгі орта білім базасында

Жалпы орта білім базасында

1

04210100-Құқықтану

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

 

4s04210101-Заңгер

 

 

2

04120100-Банк және сақтандыру ісі

2 жыл 10 ай.

1 жыл 10 ай

 

4s0412010-Банк операциялары жөніндегі менеджер 

 

 

3

02310100-Аударма ісі (түрлері бойынша)

2 жыл 10 ай.

1 жыл 10 ай

 

4s02310101-Аудармашы

 

 

4

04110100-Есеп және аудит

2 жыл 10 ай.

1 жыл 10 ай

 

4s04110102-Есепші  

 

 

5

06130100-Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

3 жыл 10 ай.

2 жыл 10 ай

 

4s06130105-Ақпараттық жүйелер технигі 

 

 

6

06130100-Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

3 жыл 10 ай.

2 жыл 10 ай

 

4s06130103-Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші

 

 

 

 https://welcome.kaznu.kz/ 

 Оқыту нысаны: күндізгі

Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдері

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

  • ·        Негізгі орта білім туралы куәлік (9 сыныптан кейін) немесе жалпы орта білім туралы аттестаттың (11 сыныптан кейін) түпнұсқасы және көшірмесі;
  • ·        Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен 3 дана көшірмесі;
  • ·        № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама флюорография суретімен;
  • ·        Бала денсаулығы паспорты (063 нысаны);
  • ·        Ұл балаларға әскери тіркеме куәлігі (11 сыныптан кейін);
  • ·        3х4 көлемдегі 4 суреті;
  • ·        Өтініш пен келісімшарт қабылдау комиссиясына келгенде толтырылады