СӨС

Колледждегі тәрбие жұмысында білімалушылардың өзін-өзі басқару органы – студенттік маслихаттың алатын орны зор. Студенттік маслихат – өзін-өзі басқару органы, студенттердің қоғамдық бірлестігі. Ол өз қызметінде демократия мен жариялылықтың, теңдік пен еркіндіктің заңдылықтары мен принциптерін басшылыққа алады. Маслихат құрамы белсенді білімалушылардан тұрады. Біздің колледждің студенттері «Ұстаздар күні», «Тілдер мерекесі», «Қарттар күні», «Денсаулық күні», т.б. дәстүрлі мерекелер мен іс-шараларға қатысады. Сонымен қатар студенттік маслихат территория, оқу кабинеттерінің жиналуын тексере отырып, тиісті санитарлық деңгейдің сақталуын қадағалайды.

Бүгінгі таңды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенттеріне өзін-өзі дамытуға, әлеуетінің мүмкіндіктерін ашуға, колледждің өміріне белсене атсалысып, жан-жақты жағдай жасалған.

Маслихат жұмыстары