Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына және Жастар жылына арналған «Қазіргі және болашақ ғылымы: жастардың ғылыми білімді дамытудағы рөлі мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

2019 жылдың 29 наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына және Жастар жылына арналған «Қазіргі және болашақ ғылымы: жастардың ғылыми білімді дамытудағы рөлі мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның басты мақсаты дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту болып табылады. Шығармашылық бастаманы жетілдіру, ынталандыру және дамыту, сондай-ақ өз бетінше ойлау, білім алу және қолдануға қабілетті колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша заманауи жетістіктерін көрсету, олардың шешімін мұқият қарастыру және іс-әрекеттерді мұқият жоспарлау. Конференцияға Алматы және Алматы облысы бойынша 11 колледждің 35 студенті қатысты.

Пленарлық мәжілісте қатысушылар мен қонақтарды колледж директоры Р.Н. Нурқанова мен Алматы қаласының колледждер қауымдастығының президенті Ж.Н. Азисханов қарсы алды.

Конференцияға Алматы колледждерінің директорлары, ғылыми жетекшілер шақырылды. Жұмыстар 6 секция бойынша жалғастырылды:

Колледж студенттерінің барлық жұмыстары комиссиямен қаралып, келесі критерийлер бойынша қорғалды: тақырыптың маңыздылығы, жаңалығы, тақырып бойынша зерттеулер, осы тақырып бойынша жұмыстың мазмұнының өзектілігі, жеке көзқарастар мен тұжырымдар болуы және т.б.

Конференция соңында қатысушылар сертификаттар мен дипломдармен марапатталды, ал колледж директорлары мен үздік ғылыми жобалардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.

Басылым күні :  12.04.2019